Атырау, 23 желтоқсан 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мерзімінен бұрын босатуды сұрап, кейін айнып қалды

3 295 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған «АтырауСуАрнасы» КМК экс-директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ сотқа жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініш білдірді. Алайда кейін белгісіз себептерге байланысты соттан осы өтінішті қараусыз қалдыруды өтінді.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында Руслан Құрметов ҚР ҚК 371-бабының 2-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық»),  328-бабының 3-тармағы  («қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге әкеп соққан суларды ластау») және 204 бабының 2-тармағы  («Аса ірі залал келтірген бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру») бойынша кінәлі деп танылып, барлығын қосқанда 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына үкім етілді. Оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту станциясының басшысы Михаил ЧУРСИН де жазаланды.

Осы сот процесінен кейін көп ұзамай «АтырауСуАрнасы» КМК «Атырау облысы Су Арнасы» КМК болып өзгертілді. «Жаңа» кәсіпорын, шамасы, ең көп зардап шеккен балық кәсіпорнына - «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-іне бір жарым миллиардтық шығынды төлемейтін секілді.

Фархат ӘБІЛОВ

23 қараша 2020, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.