Атырау, 26 қараша 13:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алқызыл гүлді үзгені үшін жазаланады

3 342 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Карантин атыраулықтарды туған жер табиғатының сұлулығына назар аударуға мәжбүр етті. Шілденің соңынан бастап көп адам тұңғиықгүл алқабын тамашалау үшін Құрманғазы ауданына ағылып жатыр. Бірақ көзбен көруге болса да, ұстауға болмайтынын көбі біле бермейді екен.

23-30 тамыз аралығында бүкіл республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу шарасы аясында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейд өткізді. Серезез учаскесінің маңындағы Қиғаш өзенінде олар Приморск ауылдық округінің тұрғыны басқарған «Ямаха» моторлы «Бударка» қайығын тоқтатты. Қайықта алты жолаушы болған. Олардың бірінен Қызыл кітапқа енген және қорғауға алынған тұңғиықгүл табылды. Қазақстанда әдемі тұңғиықгүлдер тек Қиғаш пен Шора өзендерінде өседі.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

Жолаушы гүлдеп тұрған тұңғиықгүлді тамашалау үшін Құрманғазы ауданына экскурсияға Атыраудан арнайы келгенін айтты. Ол бұл сұлулықты камерасына түсіре алмаған, телефонының қуаты бітіп қалыпты. Сондықтан отбасына көрсету үшін бірнеше гүлді жұлып алған екен.

Енді оны әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім қабылдануда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 тамыз 2020, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.