Атырау қаласының прокуратурасы тоңазытқыштың есігімен итті тұншықтырған Атыраудың тұрғынына қатысты қылмыстық істі қайта қозғады. Бұдан бұрын қазақстандық заңгер Жангелді СҮЛЕЙМАНОВ жаңа сараптама тағайындау үшін Бас прокуратураға шағым жолдаған болатын.
- 3 шілдеде Бас прокуратураға осы қылмыстық істі қысқарту туралы шешімді бұзып және қайта қозғау үшін шағым жаздым, - дейді Сүлейманов. – Ол жерден істі Атырау қаласының прокуратурасына жіберген. Енді, міне, қылмыстық істің қайта қозғалғаны туралы хат алдым. Бұл жолы ол адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп үміттенемін.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ветеринарлық емхана иттің дене жарақаты болған жоқ деген қорытынды бергеннен кейін Полиция департаменті істі қысқартқан болатын. Енді қайта тергеледі.
Фархат ӘБІЛОВ