Атырау облыстық полиция департаменті итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған қатыгезге қатысты көпшіліктің наразылығын тудырған қылмыстық істі қысқартқаннан кейін белгілі қазақстандық заңгер Жангелді СҮЛЕЙМАНОВ бұл шешімді бұзып, жаңадан сараптама тағайындау туралы Бас прокуратураға арыз жазды. Арыз Атырау қаласының прокуратурасына жолданды.
- Қазір іс Атырау прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИННІҢ қарауында. Ол заңды шешім алады деп үміттенемін, - дейді Сүлейманов. – Екі сараптама дене жарақаты жоқ деп қорытынды шығарды, сонда қалай, жануарды ұзақ уақыт тұншықтырғанда миға оттегі жетпей, оның денсаулығына қайта қалпына келмейтін зиян келді ғой. Ол ит қатты психологиялық соққы алғаны сөзсіз.
Фархат ӘБІЛОВ