Атырау, 25 сәуір 21:44
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жарықсыз отыру қиын

3 141 просмотра

Соңғы күндері Атыраудағы  ықшамаудан тұрғындары жарықтың қайта-қайта өшіп қалатынына көп шағымданды. Мәселен, 26 маусымда Нұрсая ықшамауданының тұрғындары тәулік бойы жарықсыз отырды. Қалалық әкімдіктің айтуынша бұған трансформатордың өртенуі себеп болған.

– 26 маусымда түнгі сағат 3-те трансформатордан өрт шықты деген хабарлама түсті. Өрт сағат 03.28 ауыздықталып, 04.32 толық өшірілді, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

– Үйде ауа жоқ, ысып кетті, азық-түлік бұзылды, – деп ызаланды Нұрсая ықшамауданының тұрғыны Гүлжайна Асылбекқызы.

Сонымен қатар Нұрсая, Самал, Жеті қазына, Жерұйық ықшамаудандарының тұрғындары да жарықсыз отырды.

Маусымның басында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бауыржан ТҰХФАТОВ «АЖ»-ға ТЭО қуаты жазғы пайдалану қарқынына жеткілікті, ал қажет болған жағдайда қосымша қуат көзін Маңғыстау мен ресейлік әріптестерден алуға мүмкіндік бар деп хабарлаған еді.  Ол сондай-ақ «облыста қуат көзінің тапшылығына жол бермеу үшін барлық шаралар алынуда» деп сендірген.

Жақында Атырау қосымша 50 трансформатор сатып алды – ол жақсы ғой, десек те қала тұрғындары майшам мен шағын қуаттайтын құрылғы сатып алуда. Себебі жаз жаңа басталып келеді.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті жасаған автор

29 маусым 2020, 00:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.