Атырау, 17 мамыр 17:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Газ құю бекетіндегі өрт: зардап шеккендердің жағдайы туралы

3 315 просмотра

5 маусымда Атырауда «Prom Gaz BP» ЖШС-нің газ құю бекетінде жарылыс болып, денесінің 90%-ы күйік алған газ тасымалдау көлігінің жүргізушісі келесі күні облыстық ауруханада көз жұмған еді. «AЖ» осы оқиғада зардап шеккен тағы үш адамның жағдайын білді.

Денесінің 40%-ы күйік алған газ құюшы ауыр күйде ауруханаға жатқызылды. Ол әлі ауруханада жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қазір жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Қажетті емін алып жатыр, көп ұзамай ауруханадан шығады.

Өрт сөндіруге қатысқан екі өрт сөндірушінің денелері 2% күйік алған.

Оқиға себептеріне келер болсақ, бұл жерде әзірге айқындық жоқ. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бастапқыда өрт-техникалық сараптама өрттің шығуына электростатикалық қуатсыздану себеп болған деген. Бірақ қазір ақтөбелік мамандардың қатысуымен қайтадан сараптама тағайындалған.

Айнұр САПАРОВА

22 маусым 2020, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.