Атырау, 14 наурыз 22:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда газ құю бекетіндегі өрт кезінде зардап шеккен жүргізуші көз жұмды

3 672 рет қаралды

5 маусымда Атырауда өрттен және жарылыстан жарақат алған газ тасымалдау көлігінің жүргізушісі келесі күні облыстық ауруханада қайтыс болды. Оның денесінің 90%-ын күйік шалған еді.

Марқұм – Құрманғазы ауданының 34 жастағы тұрғыны, артында төрт баласы мен бесіншісіне жүкті әйелі қалды, деп хабарлайды әріптестері. Отбасы қалада үй жалдап тұрады екен.

Естеріңізге салсақ, Стройконтора маңында таңертең 8-ге таман марқұм жұмыс істейтін «Prom Gaz BP» ЖШС-нің газ құю бекетінде өрт шыққан еді.

Фура жүргізушісінен бөлек өрттен газ құюшы мен екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алды, қазір олар ауруханада жатыр.

Айнұр САПАРОВА

7 маусым 2020, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.