Атырау, 16 қаңтар 12:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

ТЖ тоқтатылды – Атырауда сұрақтар көбейді

5 246 просмотра

Бүгін, 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда, президент «карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады» деп мәлімдеді. Біздің өңірімізге келетін болсақ, Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ карантинді 25 мамырға дейін ұзартты. Бұл жерде заңды тұрғыдан бірқатар сұрақтар туындап отыр.

Егер бұрын полиция қызметкерлері карантин режимін бұзушыларға ӘҚБтК-нің 476-бабы («Төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша хаттаманы «автоматты» түрде толтырса, енді қалай болады? Тағы бір жайт: облыстық бас санитарлық дәрігердің осыған дейінгі жеңілдетілген қаулысы бойынша 4 мамырдан бастап «коменданттық сағат» 21.00-ден 06.00-ге дейін сақталады делінген, ал карантинді 25 мамырға дейін ұзарту туралы жаңа құжатта бұл уақыт нақтыланбаған.

«АЖ» тілшісі Атырау облысы бойынша шұғыл штабқа жүгінген еді, жарытымды түсінік ала алмады, олар нақты жауабын кейін беруге уәде етті.

Әзірге тек заң кері қайтарылмайтыны, ТЖ тоқтатылғанға дейін айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынғандар төлем жасап, кесілген уақыт «отырып» шығатыны анық.  

Фархат ӘБІЛОВ

11 мамыр 2020, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.