Атырау, 26 сәуір 09:02
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тоқаев карантинге қатысты мәлімдеме жасады

7 312 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады. Президенттің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан сөзін баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде бөлісті.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады", - деді Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz сайтында жарияланады

11 мамыр 2020, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.