Атырау, 7 мамыр 07:36
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

25 мамырға дейін карантин. Бас санитарлық дәрігер қандай қаулы шығарды

5 516 просмотра

Облыстық бас санитарлық дәрігердің Қаулысының жаңартылған мәтіні шықты.

1. Атырау облысы аумағында шектеу шараларын және Атырау қаласындағы эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақтанғанша карантин режимі 2020 жылдың 25 мамыры сағат 7:00- ге дейін  созылсын;

11 мамыр сағат 7:00-ден 25 мамыр cағат 7:00-ге дейін Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабымен бекітілген блок-бекеттерден өту ережесіндегі жағдайларды қоспағанда, Атырау қаласының карантиндік аймағынан өтуге тыйым салынсын;

2. Сағат 7.00-10.00 және 17.00-20.00 аралығында міндетті түрде маска тағып, 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтай отырып, азаматтарға (үш адамнан немесе бір отбасының мүшелеріне) тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілсін;.

Азаматтардың қозғалысы жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;

Мемлекеттік органдар, жедел жәрдем және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық - эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық құтқару және авариялық техникалық қызмет, сондай ақ, стратегиялық маңызды нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерінен (бөгде адамдарсыз, отбасы мүшелерінсіз  және қызметтік куәлік пен жұмыс  орнынан берілген анықтамасымен) басқа сағат кешкі 21.00 мен 6.00 аралығында Атырау қаласында азаматтар мен көліктердің қозғалысына жаппай тыйым салынады;

3. Атырау облысы әкімдігіне: 

1)  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  2020 жылғы, 10 мамырдағы № 36-шы қаулысының (әрі қарай ҚР БМСДҚ) 15-ші қосымшасына сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, таңғы сағат 7.00-10.00 және кешкі сағат 17.00-20.00 аралығында қоғамдық көліктердің қызметін  қайта қалпына келтірсін.

2) кең көлемдегі думанды, спорттық, өзге де бұқаралық шараларды өткізуге, сонымен бірге, отбасылық, еске алу шараларының, соның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынсын.

3) адам көп шоғырланатын сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр, көрме қызметіне тыйым салынсын;

4) діни нысандардың жұмысына тыйым салынсын;

5) ҚР Мемлекеттік комиссиясымен келісілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының, теміржол вокзалы, автовокзал жұмысының тоқталуы жалғассын.

6) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің қызметі әлеуметтік ара-қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді ҚР БМСДҚ 12 қаулысына сәйкес сақтай отырып, жалғассын. Десе де, қызметкерлердің 50 пайызы үшін қашықтан жұмыс жасау формасы сақталады (штаттық режим жағдайында 30 қызметкерден көп емес);

7) әскерге шақырылғандар әскери бөлімге келгеннен бастап, COVID-19 инфекциясына зертханалық ПТР сынама алынуы қамтамасыз етілсін;

8)қоғамдық орындар, өндіріс аумақтары, әуежай, ауладағы балалар ойын алаңдары  санитариялық және өзге де нысандар БМСДҚ 3-қосымшасына сәйкес, дезинфекциялық тазалаудан өтсін;

9) тұрғылықты елді-мекеннен саяжайға (бау-бақша) бару/келуге (қала сыртындағы үй) рұқсат берілсін;

10) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі (соның ішінде мамандандырылған) қамтамасыз етілсін;

11)  БМСДҚ 6-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, спорт нысандарының қызметі (оқыту-дайындық процесстерін жүргізуге 30 адамға дейін) қамтамасыз етілсін;

12) БМСДҚ 7-қосымшасына сәйкес,  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мәдени нысандар жұмысы (жеке және 30 адамға дейінгі топтық дайындықтар) қамтамасыз етілсін;

4. Атырау облысы әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып,  2020  жылғы 11 мамыр сағат 7.00-ден бастап, төмендегі кәсіпорындардың жұмыс уақытын  сағат 9.00-17.00 аралығында жұмыс жасауына рұқсат етсін:

1) өндірістік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс компаниялары, көлік саласының мекемелері, қойма, ауылшаруашылығы бағытындағы қызмет көрсету мекемелері, ауылшаруашылығы техникасы дүкендері, инвентарь, тыңайту, тұқым сату дүкендері; 

2) өзімен алып кету және жеткізу қызметімен қоғамдық тамақтану нысандары 9.00-21. 00 жұмыс уақыты аралығында;

3) гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандары 9.00-20.00 жұмыс режимі аралығында;

4) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер жұмысы;

5) адам шоғырлануын болдырмайтындай, ұзақ әрі жақын байланыс болмайтындай, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,  ірі құрылыс дүкендері, саяжай инвентарьларын жасап шығаратын дүкендер, оптика, гүл, жануарлар дүкендері, фотосалондар жұмысы;

6) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ҚР БМСДҚ 5-қосымшасына сәйкес,  техникалық қызмет көрсету станса жұмыстарын, автокөлік жуу, тегершік жөндеу, автосалондар жұмысы;

7) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтап, келушілерді медициналық маскамен қабылдай отырып, шаштараз, сұлулық салондары (алдын ала жазылу бойынша) жұмысы;

8) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,  бизнес орталықтар, сақтандыру компаниялары, микроқаржылық ұйымдар, ломбард, айырбастау пункттері, адвокат қызметі, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік және жарнама агенттіктері қызметі;

9)  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,  медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша) қызметі;

10) ақпараттық-коммуникациялық компаниялар технологиялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету компаниялары;

11)  ҚР БМСДҚ 8-қосымшасына  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұзақ әрі жақын байланысты болдырмау арқылы, халыққа қызмет көрсету нысандары, типографиялық қызмет көрсету нысандары, тігін ательесі,  аяқ киім тігу, жөндеу шеберханалары, киім, химиялық тазалау, тұрмыстық және оргтехниканы жөндеу, киім жуу және өзге де нысандар қызметі;

12)  қызметкерлердің 50 пайызын қашықтан жұмыс жасауға қалдыру арқылы жұмыс уақытын 17.00-ге дейін шектеу және әлеуметтік ара-қашықтықты, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, екінші деңгейлі банктер жұмысы;

13) көктемгі суғару жұмыстарына жұмылдырылған ұйымдар мен қызметкерлер жұмысында ҚР БМСДҚ 11-қосымшасына сәйкес, алгоритмді сақтау;

14) қаулыда көрсетілмеген кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс алгоритмі карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

5. Атырау облысының әкімдігі, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) ҚР БМСДҚ 13-қосымшасына сәйкес аудандар арасындағы бақылау-өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды төмендегілерді қамтамасыз ету арқылы ұйымдастыру: 

а) азаматтардың бір реттік кіруі мен шығуына ТЖ тәртібі аяқталған соң өз қызметін қайта бастаған мекемелерде жұмыс жасау үшін Атырау қаласындағы тұратын жері мен тұрақты жұмысын растайтын құжатты көрсету негізінде жұмыс берушінің жедел штабқа жазбаша өтініш жасауы арқылы рұқсат етіледі; 

ә) азаматтардың жарияланған карантиндегі аймақтар/қалалардың территориясына кіруі мен шығуы медициналық көрсетелімдері негізінде екі адаммен ілесіп келуі төмендегі құжаттар болған жағдайда рұқсат етіледі: 

- аумақтық амбулаторлық-поликлиналық мекеменің диагноз бен емдеудің жедел өткізілу қажеттілігін растайтын дәрігерлік кеңесу комиссияның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі қызметін орындаушысының 2010 жылдың 23 қарашасындағы «Денсаулық сақтау мекемелерінің алғашқы медициналық құжаттама үлгілерін бекіту туралы» №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у үлгісіне сәйкес қорытындысы;

- карантиндік аймақта орналасқан медициналық мекеменің бірінші басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрі бар диагноз бен жеделдікті дәлелдейтін  шақыру-хаты;

б) осы қаулыдағы а) абзаціндегі 2) тармақшасы 5-тармақта көрсетілгендерден басқа тұлғалардың жеке категорияларына кіріп-шығуына рұқсат жергілікті атқарушы органдармен беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалар келген жерінде 14 күндік үй карантиніне жатқызылуы тиіс.     

2) аймақ ішінде бақылау-өткізу бекеттеріндегі санитарлық-карантиндік бақылауды жедел штаб пен Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша ұйымдастыруды;

3) медициналық мекемелерде, мүмкіндігі шектеулі егде жастағыларға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат түріндегі оқу орындарында карантин мен санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті сақтауды;

4) жұмыс істеп жатқан барлық нысандарды санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті (қолды залалсыздандыратын санитайзерлерді орнату, сыртқы беттерді күніне кем дегенде екі рет тазартып сүрту, дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау, ауаны тазартып отыру) күшейтуді;

5) қоғамдық көлікті әрбір рейс алдында, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кем дегенде екі рет), жер үсті мен жер асты жаяу жүргінші өтпе жолдарындағы таяныштарды, спорттық снарядтарды, балалар ойын алаңдары мен спорттық алаңдарды, көше орындықтары мен сәкілерді, банкомат пен банк терминалдарын, POS-терминалдарын жуғыш және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып залалсыздандыруды қамтамасыз етуді;

6) тұрғындар арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізуді;

7) әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың нысандарға таңдамалы түрде тексеруді жүргізу мен эпидемияға қарсы тәртіп талаптары жұмысының тәртібін сақталуын тексеруді қамтамасыз етсін. 

6. Атырау облысы Білім беру басқармасы:

1) балалар коррекция кабинеттерінің жұмысын (алдын ала жазылым бойынша) қызметкерлер мен балалардың денсаулығын (термометрия) бақылай отырып, ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шектеп, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті сақтауды; 

2) білім беру мекемелерінің, оның ішінде, бағалаудың барлық түрлерін қашықтан өткізуді қамтамасыз етсін.

7. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

8. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

12 мамыр 2020, 00:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.