Атырау, 24 қараша 12:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанбайлық «миллионерлер» және енді майор бола алмайтын капитан туралы

4 889 просмотра
Көрнекі сурет

Жыл басынан бері Атырау облысында балық аулау ережелерін бұзған 1267 факт тіркелді, 219 материал мамандандырылған әкімшілік сотта жатыр, деп хабарлады Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі Олег ТУШКАНОВ.

Браконьерлерге қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 13 тоннаға жуық балық тәркіленді, соның ішінде, 316 кг бекіре тұқымдас балықтар, 160-ы көлік және жүзу құралдары мен 1848-і балық аулау құралдары.

- Балық қорғау заңнамаларын бұзушыларға жалпы сомасы 15 млн 500 мың теңге айыппұл салынды, бүгінде оның 12 млн теңгеден астамы мемлекет пайдасына өндірілді, - деп хабарлады Тушканов.

Осы 15 миллион айыппұлдарға байланысты жанбайлық браконьерлерден өндіріп алуға сот қаулы еткен рекордтық соманы еске түсірейік.

2017 жылғы қарашада 1991-1993 жылғы төрт жанбайлық 1105 келі бекіре тұқымдас балықпен ұсталған еді. Кейін сот оларды екі жылға шартты түрде соттап, 252 миллион теңге айыппұл салды. №2 қалалық сотында «АЖ» тілшісіне айыппұлдың төленгені туралы түбіртектің бұл жерге түспегенін, демек, жастардың айыппұлдарды әлі төлемегенін айтты.

Бұдан басқа, біз Ақтөбе гарнизонының әскери сотынан өткен жылдың мамырында Пешнойда қызметтік көлігінің салонына салынған 162 кг бекіре тұқымдас балықпен ұсталған Ұлттық ұлан офицерінің тағдыры туралы білдік.

- Капитан N-ға, 339-бапқа сәйкес 200 АЕК (505 мың теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол әскери атағынан айырылды, - деп хабарлады әскери сотта.

Фархат ӘБІЛОВ

7 тамыз 2019, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.