Атырау, 24 қараша 15:40
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алтын балық

5 381 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында браконьерлікке айыпталған Исатай ауданы Жанбай ауылының төрт тұрғынына қатысты үкім шығарылды. Естеріңізге салсақ, 1991-1993 жылғы жігіттер 2017 жылдың қарашасында ұсталып, олардың қайықтарынан балық аулайтын торлар мен 1105 келі бекіре тұқымдас балық табылған болатын.

Төртеуі де ҚР ҚК-нің 335-бабының 4-бөлігі («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») бойынша кінәлі де танылды. Қылмыстық кодекстің осы бабының 4-бөлігі «iрi залал келтiре отырып жасалған» іс-әрекеттер делінген. Айыпталушылардың кінәларын мойындағанын және іс-әрекеттеріне өкінгенін ескере отырып, сот оларды шартты түрде 2 жылға бас бостандықтарынан айырды. Браконьерлерді ұстау күні жарияланған бастапқы 378 млн теңге зиян мөлшері барлық әдістермен қайта есептелгеннен кейін 252 млн теңге болды. Оны сотталғандар бірлесіп төлейді.

Әрқайсысы 200 ат күші болатын екі қуатты жапондық «Ямаха» моторы бар қайықтар тәркіленді. Сондай-ақ, сол кезде тәркіленген уылдырығы жоқ барлық балықты сатудан түсетін түсімдер мемлекет кірісіне түседі. Қазір бұл балық сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны жүзеге асыру құқығы берілген монополист - Орал-Атырау балық өсіру зауытында сақтаулы.

Фархат ӘБІЛОВ

19 ақпан 2018, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.