Атырау облысындағы Жанбай ауылы тұрғындарының ұсталғаны туралы мына бейнежазба бүгін, 5 қараша күні таңертең түсірілген. 1991-93 жж. туған браконьерлерді Жанбай аумағындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жүргізілген рейд барысында орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі (рыбоохрана) аумақтық инспекциясының инспекторлары қолға түсірген.
Оларды жағадан 5 шақырым жерде қуып ұстаған. Қуаттылығы 200 ат күші болатын екі қозғалтқышы бар байдадан 300-ден астам қарны жарылған бекіре тұқымдас балық пен ау-құралдар табылды.
-Балықтың салмағы шамамен 800 келіден аз емес. Байдада уылдырық болмады, алғашқы тексеруге сәйкес балықтардың бәрі уылдырықсыз, - деді инспекцияның ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ.
Бейнежазбада ауға жас балықтардың «карандаш» деп алатып кеткен түрлері түскені көрінеді, олар әлі жыныстық жетілмеген болуы керек.
ҚР ҚК 335-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тәркіленген балық өлшеніп, құжатталған соң сот шешімі бойынша әрі қарай өткізуге монополиялық құқығы бар Жайық-Атырау балық өсіру зауытына сақтауға беріледі.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА