Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Барлық балалардың қатысуымен рәсімделеді

- Күйеуіміз екеуміздің 8 ержеткен балаларымыз бар. Пәтер сатып алған кезде біз оны менің атыма, күйемнің атына және балаларымның бірінің атына рәсімдеген едік. Тамыз айында күйеуім қайтыс болды. Енді маған пәтерді өз атыма қайтадан рәсімдеуім керек. Балаларымның екеуі Ресейде тұрады. Олар маған өздеріне сол жақта жүріп, мұрагерліктен бас тарту жөніндегі құжатты рәсімдеп жүрмеуі үшін өзіммен бірге тұратын балаға кейін қалдырылатындай етіп рәсімде дегенді айтады. Оны қалай жасауға болады? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 930 рет қаралды
Жалғама тапсыру мерзімі - көктемде Сұрақ-жауап

Жалғама тапсыру мерзімі - көктемде

- Балабақшадан орын алу үшін өтінішті қызыма 4 ай болғанда 2008 жылдың мамырында берген едім. Таяуда оның құрдастарының балабақшаға барып жүргенін білдім. Біз өтінішімізде №1 авторлық мектепке дейінгі гимназияның (АМГ) балабақшасына бергіміз келетінін көрсеткен едік. Қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің қызметкерлері осы балабақша жалғамасы тапсырылғаннан кейін орын бөлінетіндігін айтты. Бірақ оны қашан тапсыратынын айтпады. Алайда БАҚ-тарда әлденеше рет жалғама өткен жылдың аяғына дейін тапсырылады деп жазылған болатын. №1 АМГ жалғамасының қашан тапсырылатын уақытын білгіміз келеді? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 073 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ағза таңертеңгілік мол ақпарат береді

- Сәбиім өткен аптада бір айға толды. Учаскелік педиатрға барып салмағы мен бойын өлшететін уақыт келді. Ең қиыны – талдау үшін несебін жинау. Танысым сәбидің астына дәке салып, сәл күтіп, содан соң сұйықтықты банкаға сығып алу керек деп кеңес берген еді. Бұл несеп талдауына әсер етпей ме және оны кешкісін жинап қоюға бола ма? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 151 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қар емес, мұз үгіндісі

- Бейсенбі күні Мұз сарайына облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының қарағандылық «Сарыағаш» командасымен матчын тамашалауға барған едік. Қалада жерге тамған бір қар жоқ, ал спорт кешенінен нағыз күртік қарды көргенде сүйсініп қалдық. Бұл не екен? 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 943 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сенімхатты ешкім де жойған жоқ

- Мен қызыммен алыс шетелге демалып қайтқым келген. Баланың әкесі баланы алып шығуға сенімхат беруге тиіс болғандықтан, біз нотариусқа жүгінген едік. Мұндай сенімхатты бұрын да толтырып жүргенбіз, ол 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге берілетін, бағасы 500-1000 теңге аралығында. Яғни бір сенімхатты бірнеше жыл пайдалануға болатын еді. Алайда бұл жолы нотариус қазір олардың мұндай сенімхат жасамайтынын, белгілі бір мерзімге және белгілі бір елге өтінішті рәсімдейтінін айтты. Ол біздің қайда және қандай мерзімге баратынымызды нақтылап алды да, осы мерзімге өтінішімізді рәсімдеп берді. Бұл қызмет үшін 1200 теңге алды. Шынымен де өзгерістер болған ба және ол неге байланысты? 22 желтоқсан 2010, 00:00 3 786 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ХҚО-да пәтер кезегіне тұруға болады

- Мен бала күнімнен ІІ топ мүгедегімін. Үш балам бар. Жақында маған қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен өкіл келіп, отбасымның әлеуметтік жағдайын сұрастырып, түрлі сұрақтар қойды. Менің пәтерге кезекте тұрған-тұрмағандығымды сұрады. Ал мен, шынымды айтсам, пәтер алуға құқылы екенімді сол жерде ғана білдім. Толығырақ айтсаңыздар екен, қайда және қандай құжаттар тапсыруым керек? Екінші сұрағым мынадай – 2003 жылдан бері жер учаскесін алу кезегінде тұрмын. Егер алатын болсам, үй салып алуым неғайбыл деп ойлаймын, өйткені көмектесетін ешкімім жоқ. Бәлкім, жерге кезегімді пәтер кезегіне ауыстыра алатын шығармын? 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 822 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәжірибені қайдан жинақтауға болады?

- Менің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Диплом алғаннан кейін тұрмысқа шықтым. Сәбиім дүниеге келгеннен кейін төрт жыл бала күтімімен отырдым. Газеттен жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру орталығының қолдауымен «Мирас» оқу орталығы оқытатындығы, әрі қарай жұмысқа орналастыратындығы жөнінде хабарландыру оқыдым.  Мен үш айлық оқуды бітіріп, Бухгалтерия және 1С курсын «үздік» бағаға тапсырдым. Әлі күнге дейін жұмыссыз отырмын, өйткені жер-жерде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес бухгалтерлерді талап етеді.  Оқу орталығындағылар жұмысқа орналастыруға міндетті емес екенін айтқан кезде таң қалдым. Осы рас па? Егер жоғарғы оқу орындарының түлектерінің өтілдері болмаса не істеуге болады? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 783 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Жаңа жылда зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік  жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері өсетін болады. Барлық зейнеткерлер үшін зейнетақы мөлшері 30 пайызға өседі.Осыған орайбазалық зейнетақы төлемдері5981 теңгеден 8000 теңгеге дейін өсетін болады. Зейнетақы жарналарының ең жоғарғы мөлшері бұрын  32 АЕК-ке тең болса, жаңа жылдан бастап 39 АЕК-ті (58968 теңге) құрайтын болады. 1 желтоқсан 2010, 00:00 7 985 рет қаралды