Атырау, 5 қазан 14:38
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

7 640 просмотра

Жаңа жылда зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік  жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері өсетін болады.

Барлық зейнеткерлер үшін зейнетақы мөлшері 30 пайызға өседі.Осыған орайбазалық зейнетақы төлемдері5981 теңгеден 8000 теңгеге дейін өсетін болады. Зейнетақы жарналарының ең жоғарғы мөлшері бұрын  32 АЕК-ке тең болса, жаңа жылдан бастап 39 АЕК-ті (58968 теңге) құрайтын болады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бала күтіміне берілетін жәрдемақылар, №1 және №2 тізімдер бойынша тағайындалатын арнаулы жәрдемақылар мөлшері бір айлық есептік көрсеткішке және күнкөріс минимумына байланысты. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 1413 теңгеден 1512 теңгеге дейін, ал күнкөріс минимумы 15999 теңгеден 16047 теңгеге дейін өседі. Осыған байланысты әлеуметтік төлемдер де көбейетін болады.

Бүгінгі күні 20335 теңге алып отырған І-топ мүгедектері енді 21759; II топ мүдектері 15850 теңгенің орнына – 16959; III топ мүгедектері 11065 теңгенің орнына-11840 теңге алатын болады. Бала жасынан 16 жасқа дейінгі мүгедектер үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 14952 теңгеден 15999 теңгеге дейін артты. Асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін жәрдемақы бір балаға берілетін 9869 теңгеден 10560 теңгеге, екі балаға – 17046 теңгеден 18239 теңгеге, үш балаға – 21083 теңгеден 22559 теңгеге өсті. Жасына қарай берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 7476 теңгеден 8000 теңгеге дейін артты. Өзгерістер бала күтіміне орай берілетін жәрдемақыларға да енді. Бүгінгі күні бірінші балаға 7772 теңге, ал, жаңа жылдан бастап – 8316; екінші балаға аналар бұрынғыша 9185 теңге емес, 9828 теңге; үшінші балаға 10598 теңгенің орнына 11340 теңге алатын болады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты болады. Осылайша мүгедектер және соғысқа қатысушылар енді 23999 теңге (бұрын 21195), соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер – 10736 теңге (10033), соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер – 8770 теңге (8196), №1 тізім бойынша алатындар – 13608 теңге (12717), №2 тізім бойынша алатындар – 12096 теңге (11304), I, II топ мүгедектері – 2117 теңге (1979), көп балалы отбасылар – 5897 теңге (5511), тыл еңбеккерлері – 3024 теңге (2826) алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі департаменті директорының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВАНЫҢатап өткеніндей, облыста түрлі әлеуметтік төлемдерді алатын  шамамен 100 мың адам бар, оның ішінде 40 мыңнан астамы зейнеткерлер. Бүгінгі күні зейнетақы мен жәрдемақыларды қайта есептеу жүргізілуде. Қаңтар айынан бастап барлық төлемдер өскен мөлшерлері бойынша төленетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.