Атырау, 24 желтоқсан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Экология

Қаланы қара тұман тағы басты Экология

Қаланы қара тұман тағы басты

Сейсенбі күні түске қарай редакцияға қалалық қалдық алаңында кезекті өрттің орын алғандығы туралы хабар түсті. Ондағы өрттің болғаны рас екен. Қоқыс алаңы қалың түтінге оранып, ащы қара түтін шығысқа – Ақжар поселкесіне қарай кетіп жатты. 4 тамыз 2011, 15:22 6 942 рет қаралды
Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма? Экология

Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма?

Корей ғалымдарының көгалдандыру жобасы әлі күнге дейін атыраулықтарды бей-жай қалдырып отырған жоқ. Редакцияға келіп пікір айтушылар көп. Олардың арасында мамандар да бар. Біз олардың өзіне сөз бергенді жөн көрдік. 16 маусым 2011, 16:50 11 144 рет қаралды
Бағбан ата Экология

Бағбан ата

Қарабай ДАБЫСОВ өзінің 74-ті алқымдаған жасына қарамастан ісіне мығым,  шаруашылығын да дөңгелетіп отыр. Бүкіл ғұмырын облыстық ауылшаруашылығы басқармасында еңбек етуге арнаған, бүгінгі күні зейнеткерлікке жеткен Қарекең 1997 жылы Сарыөзек маңынан, халықаралық әуежай ауданынан 5 гектар жер алып, облыстың азық-түлік бағдарламасын орындауға атсалысты. 8 маусым 2011, 23:23 7 113 рет қаралды
Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады Экология

Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады

Атыраудағы көгалдандырудың кешенді бағдарламасы туралы мақала жарық көргеннен кейін («АЖ» №16,  21-сәуір 2011 ж. - «Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?») редакцияға түрлі сұрақтар мен күмәнді ескертулер айтылған қоңыраулар көптеп соғылды. Жасыл-желекке малынған Атырау туралы арманға бей-жай қарағандар кемде-кем шығар. Алайда, көгалдандыру бағдарламасы авторларының пікірінше, бұл аз. Ең бастысы - әрекет ету қажет. 4 мамыр 2011, 16:32 6 366 рет қаралды
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым Экология

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым

Чехов атындағы негізгі мектептің оқушылары көктемнің келуін тағатсыздана күтеді. Алғашқы жаймашуақ күндер басталған сәтте олар мұғалімдерімен бірге еңбек сабақтарында өздері жасаған құстардың ұяларын мектеп ауласындағы теректерге ілуге асығады. Содан соң оған қонған құстарды шынайы қызығушылықпен бақылайды. 28 сәуір 2011, 12:56 12 920 рет қаралды
Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін  үй» Экология

Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй»

Қазақ геологтарының қара шаңырағының негізін салушылардың бірі, ҰҒА академигі, аймақтық экологиялық проблемалар ғылыми орталығының директоры  Мұфтах Диарұлы ДИАРОВТЫ ежіктеп елге таныстырудың қажеті шамалы. 13 сәуір 2011, 21:07 5 135 рет қаралды
Азғыр аздырып барады Экология

Азғыр аздырып барады

Зардабы зерттелмеген зобалаң Облыстық әкімдікте Құрманғазы ауданындағы тоқтатылған «Азғыр» полигоны бойынша кеңес болып өтті. Полигон аумағында 10 тәжірибе алаңдары орналасқан. Онда 1966-1979 жылдар арасында түрлі қуаттылықтағы 17 жерасты жарылыстары жасалған. Содан бері бөлінген бәленбай миллион бюджет қаржысына қарамастан, «ұйқыдағы» полигон қауіпсіз боп қалған жоқ, азғырлықтардың өмір сүру жағдайлары да жақсарған жоқ. 23 ақпан 2011, 00:00 7 406 рет қаралды
Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын» Экология

Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын»

…Мен шөпке қисая кеттім. Көз алдымда қарсақтың үш күшігі ойнап жүрді. Біреуі, шамасы ішіндегі әуесқұмары шығар, менімен танысқысы келді. Бүйірлеп, жайлап жылыстап, жақындап келеді. Біресе желге мұрнын көтереді, бiресе құлақтарын қысады, ал өзі сабырсыздықтан қыңсылап қояды. Ол үшін адам жаңа, жұмбақ құбылыс. Ал масалар, денемнің ашық жерлеріндегі әр саңылауға қонып алып, суаттан су ішкен түйе секілді, қанымды сорып жатыр... Мен болсам жануарды үркітіп алмайын деп, қозғалуға қорқып отырмын.  Мұның бәрі бос далбаса еді! – деп, саяхатшы бетіне түскен ақ шашын қағып жіберіп, сөзін жалғастырды. - Әлгі күшік менің кроссовкамды иіскелеп тұрды. Елестетіп көріңізші! Жап-жақын жерден! Сәттілік деп осыны айт! Мен тек «Зениттің» түймесін басып қана үлгердім... 3 ақпан 2011, 00:00 8 973 рет қаралды