Атырау, 10 желтоқсан 11:04
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым

12 346 просмотра

Чехов атындағы негізгі мектептің оқушылары көктемнің келуін тағатсыздана күтеді. Алғашқы жаймашуақ күндер басталған сәтте олар мұғалімдерімен бірге еңбек сабақтарында өздері жасаған құстардың ұяларын мектеп ауласындағы теректерге ілуге асығады. Содан соң оған қонған құстарды шынайы қызығушылықпен бақылайды.

Чехов атындағы мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүлфия ЕСКАРИЕВА табиғи ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу – мектептің ұзақ жылдардан келе жатқан дәстүрі екендігін айтты:

– Бізде экология үйірмелері бар. Онда балалар туған өлке табиғатымен танысып, өсімдіктер мен жануарларды бақылайды. Алайда мектеп ауласындағы қанаттыларды қамқорлауға барлығы да атсалысады. Өткен жылдан бері бізде теректерге төрт құс ұясы бекітілді. Біз оларды құстарға қыстау үшін әдейі қалдырған едік. Оларды тек сары шымшықтар қолданды. Бұдан басқа, әр қыс сайын біз мектеп ауласына жем салатын астаушаларды ілеміз, балалар құстарға қуана жем береді. 9-мамырға қарсы осы жерден тағы жаңа бес құс ұясын ілуді жоспарлап отырмыз. Мектептегі шеберханада балалар оны аянбай жасап, еңбек етуде.

– Ілінген ұяларға осы көктемде қараторғайлар мен бозторғайлар мекендепті. Балаларға ұяларды көктемге қарай тексеру керек деп ескертудің қажеті жоқ. Олардың өздері бәріне бақылау жасап отырады. Егер бір жерінің бүлінгенін көрсе, бірден жөндейді, - дейді Гүлфия Сәбитқызы. – Табиғатқа деген сүйіспеншілікті кішкентай кезде дарыту керек. Жем беретін астауша немесе құстарға арналған ұя жасай ма, әлде қоқысты табиғат аясына төге салмай, оны өзімен бірге алып шығып, қоқыс жәшігіне апарып сала ма - осының өзі тәрбие. Ұсақ-түйек көрінгенмен, осыған әдеттенетін болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

28 сәуір 2011, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.