Атырау, 22 желтоқсан 20:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

АҚШ: Сирия оппозициясына зенит-зымыран кешенін берген жоқпыз Әлемде

АҚШ: Сирия оппозициясына зенит-зымыран кешенін берген жоқпыз

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер АҚШ-тың сириялық көтерілісшілерге тасымалдауға ыңғайлы зенит-зымыран кешенін жеткізу жоспары барын жоққа шығарды. Ресей бұған дейін АҚШ-ты Сирия оппозициясына зенит-зымыран кешенін жеткізді деп айыптап, бұл қару-жарақ экстремистердің қолына түсуі мүмкін деп алаңдаған,- деп хабарлады Азаттық. 28 желтоқсан 2016, 15:55 2 238 рет қаралды
Байқоңырдан 2017 жылы ұшырылатын зымыран тасығышының саны артпақ Қазақстанда

Байқоңырдан 2017 жылы ұшырылатын зымыран тасығышының саны артпақ

Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан 2017 жылы ұшырылатын ғарыш аппараттары мен сынақ үшін ұшырылатын зымыран тасығыштарының жоспарын бекітті деп хабарлады Азаттық сайты қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап. 28 желтоқсан 2016, 12:36 2 536 рет қаралды
Н.Нығматулин депутаттарды қайырымдылық жасауға шақырды Қазақстанда

Н.Нығматулин депутаттарды қайырымдылық жасауға шақырды

Ертең Тәуелсіздік сарайында ел басшылығының қатысуымен дәстүрлі жаңажылдық қайырымдылық балы өтеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырысты қорытындылай келе іс-шараға барлық депутатты шақырды, деп хабарлайды Baq.kz. 28 желтоқсан 2016, 11:34 1 654 рет қаралды
Ту-154 апаты: Ұшқыштардың соңғы сәттегі әңгімесі жарияланды  Әлемде

Ту-154 апаты: Ұшқыштардың соңғы сәттегі әңгімесі жарияланды

Мамандар Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының бортында орналасқан дыбыс жазу құрылғысындағы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды L!FE тергеуге қатысы бар дереккөзге сілтеме жасап. Оның айтуынша, экипаж бен кабина ішіндегі дауыстар жазбасы бүлінбеген. 28 желтоқсан 2016, 11:29 2 437 рет қаралды
Банкоматтан түсірілген «пара» Басқа жаңалықтар

Банкоматтан түсірілген «пара»

Жақында Baizaar сауда орталығындағы ондаған банкоматтардың бірі «АЖ» қызметкеріне қарапайым жарыққа көрінбейтін «Пара» деген жазуы бар 2 мың теңгелік купюра шығарып берді. Бұл кассамен есеп-айырысу кезінде сөре қызметкері өз аппаратынан банкноттарға жарық түсірген кезде анықталды. Қызметкер жымиып: «Ештеңе етпейді, мен бұл купюраны қабылдаймын» деді. 27 желтоқсан 2016, 22:50 3 761 рет қаралды
Тінікеев депутаттық мандатынан айыруды өтінді Қазақстанда

Тінікеев депутаттық мандатынан айыруды өтінді

"Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттық этика кеңесі депутат Мұхтар Тінікеевтің өзін өкілетінен айыру туралы өтінішін қарап, бұл шешіммен келісті" деп хабарлады Азаттық парламент мәжілісі сайты. 27 желтоқсан 2016, 22:28 2 211 рет қаралды
"Интерфакс": Ту-154 бөлшектерінде жарылғыш зат іздері табылмады Әлемде

"Интерфакс": Ту-154 бөлшектерінде жарылғыш зат іздері табылмады

Сочи жағалауында құлаған әскери Ту-154 ұшағының сынықтары мен оның бортында болған адамдардың мүрделерінде сырттан әсер болғанын айғақтайтындай жарақат пен жарылғыш заттардың іздері табылмады деп хабарлады дереккөзіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі. "Интерфакс" әзірге ұшақ терактіден апат болды деген болжам расталмағанын айтқан,- деп хабарлады Азаттық. 27 желтоқсан 2016, 17:08 2 473 рет қаралды
Ақмола облысында жоғалған полицейдің мәйіті табылды Қазақстанда

Ақмола облысында жоғалған полицейдің мәйіті табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 желтоқсан күні Ақмола облысы бойынша ІІД қызметкерлері шұғыл-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалған полиция аға лейтенанты Д.М.Еламановты өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерін ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 27 желтоқсан 2016, 16:51 2 256 рет қаралды
Қазақстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көмек қаржы бөлмек Қазақстанда

Қазақстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көмек қаржы бөлмек

Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 миллион доллар бөледі. Қырғызстан вице-премьері Олег Панкратовтың Азаттыққа айтуынша, бұл туралы келісімге Санкт-Петербургте қол қойылған. 27 желтоқсан 2016, 15:50 2 489 рет қаралды
Ыдырысов: Қырымның мәртебесі түпкілікті анықталмаған Қазақстанда

Ыдырысов: Қырымның мәртебесі түпкілікті анықталмаған

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанда жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғаларға Ресейдің Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегінде "тікелей екі жақты өзара қарым-қатынас жасаудан" мүмкіндігінше тартына тұруға кеңес берді. Ыдырысов бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте айтты,- деп хабарлады Азаттық. 27 желтоқсан 2016, 14:06 2 060 рет қаралды
Қазақстанда ресейлік дипломат қайтыс болды Қазақстанда

Қазақстанда ресейлік дипломат қайтыс болды

Өскеменде Ресей Бас консулдығының уақытша тобының басшысының өлігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дипломат Роман Скрыльниковтың денесі пәтерінде табылған. Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам инфаркттан қайтыс болған. 27 желтоқсан 2016, 13:58 1 777 рет қаралды
Кемелер қалай "қыстайды"? Басқа жаңалықтар

Кемелер қалай "қыстайды"?

Жайық жағасында мұз құрсауында қалған үлкен және шағын кемелер көктемнің түсуін күтуде. Қыстау технологиясы бірнеше ғасырлардан бері өзгеріссіз қалып келеді. Оларды жай ғана мұз ішінде қалдырады. Бірақ, мұның өз ерекшеліктері бар. Сурет 27 желтоқсан 2016, 12:13 5 649 рет қаралды
Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды Қазақстанда

Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Таяуда Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ҚР Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап. 27 желтоқсан 2016, 12:01 2 327 рет қаралды
Серік Ахметовпен бірге сотталған үш адам бостандыққа шығады Қазақстанда

Серік Ахметовпен бірге сотталған үш адам бостандыққа шығады

Серік Ахметовтың ісі бойынша сотталған үш адам айыппұл төлеп, бостандыққа шығады. Абай қаласының соты жазаны жеңілдету бойынша осындай шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 27 желтоқсан 2016, 11:58 1 889 рет қаралды
Сарапшылар бағасы қымбаттайды деген тауарларды анықтады - Бишімбаев  Қазақстанда

Сарапшылар бағасы қымбаттайды деген тауарларды анықтады - Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, жақында сарапшылар бағасы қымбаттайды деген тауарларды анықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 27 желтоқсан 2016, 11:09 1 625 рет қаралды
Алматыда қар тазалауға тәулігіне 9 миллион теңге жұмсалады Қазақстанда

Алматыда қар тазалауға тәулігіне 9 миллион теңге жұмсалады

Алматыда қар тазалауға және мұзтайғақты жоюға тәулігіне шамамен 9 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы қала әкімдігінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады. 27 желтоқсан 2016, 11:03 2 172 рет қаралды
Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 2017 жылдың 1 шілдесінде Т45 711 көтеріледі Қазақстанда

Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 2017 жылдың 1 шілдесінде Т45 711 көтеріледі

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда ең төменгі зейнетақы (базалық зейнетақыны қоса алғанда) 2017 жылдың 1 шілдесінде Т45 711 көтеріледі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. 27 желтоқсан 2016, 10:56 3 269 рет қаралды
Қазақстандағы кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді  Қазақстанда

Қазақстандағы кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді

Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды Baq.kz. 27 желтоқсан 2016, 10:47 1 702 рет қаралды
Ту-154 ұшағының "қара жәшігі" табылғаны хабарланды Әлемде

Ту-154 ұшағының "қара жәшігі" табылғаны хабарланды

Сүңгуірлер Қара теңізге құлаған Ресейдің әскери Ту-154 ұшағының "қара жәшігін" (ұшақ кабинасындағы ақпараттарды жазып алатын құрылғы) тапты деп хабарлады Азаттық ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Құрылғыны жақын уақытта судың бетіне шығару жоспарланып отыр. 27 желтоқсан 2016, 10:40 2 505 рет қаралды