Атырау, 23 желтоқсан 05:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҚР АШМ: Қазақстанда шошқаның африкалық обасы тіркелген жоқ

2 839 рет қаралды


Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков Ресейдегі шошқаның африкалық обасының таралуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін бұл індет Қазақстан аумағында ешқашан тіркелмеген. Осы орайда бұндай ауру таралған жағдайда халықаралық ұйымдар, оның ішінде халықаралық эпизоотиялық бюро барлық шекаралас мемлекеттерге дереу ақапарат таратады. 

«Қазақстанға тиісті ақпарат дер кезінде хабарланды, сондықтан да Ресей Федерациясының аталған өңірлерімен мал шаруашылығы өнімдерімен алмасу тоқтатылады»,-деді Рақымбеков. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ресейдің Самара облысында аталған аурудың таралуы ошағы анықталған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


16 мамыр 2017, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.