15 мамырда Теңіз кенішінде екі қайғылы оқиға орын алды. Олардың бірі – кісі өлімімен аяқталды.
Теңіз вахталық поселкесінде электрик өз аспабымен электр қалқанына кірген кезде қысқа тұйықталу орын алған. Күйік алған зардап шегуші Жылыой аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.
Ал №700 КТЛ-1 қондырғысындағы эликтрикке қатысты жағдай трагедиямен аяқталды. Әзірге белгісіз себептермен газ анализаторының қақпағы ұшып кетіп, оның басына тиген. Алынған зақым салдарынан электирк сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ