Өр суының үдемелі кезеңінде Жайықтағы су деңгейінің нормадан анағұрлым төмен екендігі байқалады.
Атырау облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, 15 мамырдағы су деңгейінің тәуліктік өзгерісі: Индербор поселкесінің маңында – плюс 2 см, Махамбет ауылында – плюс 2 см, Атырау қаласында – минус 1 см құрады, Ганюшкин ауылының Шароновка өзенінде өзгеріссіз қалды.
Жайық деңгейі 1070 см сыни меже бойынша Индербор поселкесінің маңында 570 см, Махамбет ауылында – 695 (850), Атырау қ. – 440 (550), Жаңаталап ауылында (Дамба жаққа қарай) – 154 (345), Еркінқала ауылында – 283 (450), Шароновка өзенінде – 234 (300) см құрады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ