Атырау, 30 желтоқсан 17:52
 бұлттыВ Атырау -4
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Матаевтарға қатысты қылмыстық істі ақын Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады Қазақстанда

Матаевтарға қатысты қылмыстық істі ақын Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа қатысты қылмыстық іс пен оған шығарылған үкімді ақын әрі қоғамдық қайраткер Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі. 10 қазан 2016, 14:28 2 255 рет қаралды
АҚШ әскери кемесіне Йемен территориясынан зымырандар атылды Әлемде

АҚШ әскери кемесіне Йемен территориясынан зымырандар атылды

Америкалық әскери кеме Йеменнің шиит көтерілісшілері бақылайтын территориядан зымыраннан атқыланды. АҚШ әскери-теңіз күштерінің ресми өкілінің хабарлауынша, 9 қазан күні кемеге атылған екі зымыран U.S.S. Mason эсминеціне жетпей, теңізге түскен. Адам шығыны болмай, кемеге зардап келмеген,- деп хабарлады Азаттық. 10 қазан 2016, 11:59 1 781 рет қаралды
Кепілдік қоры бұған дейінгі үлескерлерге көмектесе алмайды – ҰЭМ Қазақстанда

Кепілдік қоры бұған дейінгі үлескерлерге көмектесе алмайды – ҰЭМ

Бүгіннен бастап коммерциялық тұрғын үйлер саласындағы үлескерлердің ақшасы жаңа шарттар бойынша тартылады. «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заңның аясында коммерциялық тұрғын үйлерді салудың нақты үш тетігі қарастырылған. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек жаңа заңның нормаларын кеңінен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz. 10 қазан 2016, 11:52 2 536 рет қаралды
Консультациясы үшін жылына $6,3 млн ақы алған Тони Блэр Назарбаевтың кеңесшісі болғаны үшін өкініш білдіреді – БАҚ Әлемде

Консультациясы үшін жылына $6,3 млн ақы алған Тони Блэр Назарбаевтың кеңесшісі болғаны үшін өкініш білдіреді – БАҚ

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – Британияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болғаны үшін өкініш білдіреді, деп жазады шетелдік БАҚ-тар. 10 қазан 2016, 11:26 1 860 рет қаралды
Мемлекет тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады Қазақстанда

Мемлекет тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады

Тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуге және үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаңа заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 10 қазан 2016, 11:22 2 737 рет қаралды
Ресейде Борис Немцовты еске алу акциялары өтті Әлемде

Ресейде Борис Немцовты еске алу акциялары өтті

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов тірі болғанда 57 жасқа толар еді. Мәскеуде саясаткер қастандықпен өлтірілген көпір мен Троекуровск зиратындағы қабіріне кеше ондаған адам гүл апарып қойды,- деп хабарлады Азаттық. 10 қазан 2016, 09:58 2 575 рет қаралды
Грузия: Парламент сайлауында "Грузия арманы" жеңіске жетті Әлемде

Грузия: Парламент сайлауында "Грузия арманы" жеңіске жетті

Грузияның биліктегі "Грузия арманы" партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне қарағанда, бюллетендердің түгелге жуығын санағандағы есеп бойынша "Грузия арманы" 48,6 пайыз дауыс, оппозицияшыл "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы 27 пайыз дауыс жинаған. Бұл нәтиже партиялық тізім бойынша бөлінетін 150 депутаттық мандаттың 77-сін анықтайды. Қалған 73 депутат бір мандатты округтерде анықталады,- деп хабарлады Азаттық. 10 қазан 2016, 09:35 2 833 рет қаралды
Түркияда жарылыс болды: 17 адам қаза тапты Әлемде

Түркияда жарылыс болды: 17 адам қаза тапты

Түркияның Хаккари провинциясы Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны маңындағы миналанған көлікте болған жарылыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 10 қазан 2016, 09:23 3 354 рет қаралды
Отандық фильмге апарар ұзақ жол Мәдениет

Отандық фильмге апарар ұзақ жол

Атыраудың көптеген тұрғындары жаңа картина - «Анаға апарар жол» отандық фильмінің көрсетілімінің уақыт кестесімен келіспейді. Режиссер Ақан САТАЕВТЫҢ ауқымды фильмінің премьерасы мұнайлы астанада бір аптадан аса уақыт бұрын өткенімен, сеанстар қала тұрғындары үшін қолайсыз уақыттарға қойылған (12.50, 23.45). 8 қазан 2016, 12:22 4 340 рет қаралды
Қала күніне орай жол қозғалысы шектеледі Басқа жаңалықтар

Қала күніне орай жол қозғалысы шектеледі

Қала күніне орай мерекелік бағдарламаның ұйымдастырылуына орай, 8 қазан күні сағат 18.00-23.00 аралығында Махамбет көшесі (Махамбет- Уалиханов, Махамбет - Гурьев көшелері қиылысы аралығы), Вокзал маңы, 5 м/а, Саламат Мұқашев көшесі, орталық көпір, Абай көшелерімен Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрға дейін және Канцев көшесі арқылы автокөлік қозғалысы тоқтатылады. 7 қазан 2016, 17:09 2 324 рет қаралды
Исатай батырдың құрметіне арналған той Басқа жаңалықтар

Исатай батырдың құрметіне арналған той

Исатай ауданы Аққыстау ауылында батыр Исатай ТАЙМАНҰЛЫНЫҢ туғанына 225 жыл толуына және 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісінің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған үлкен мерекелік іс-шаралар өтті. Алыс-жақыннан келген меймандар батыр бабаның басына гүл дестелерін қойып, рухына тағзым етті. Олардың арасында Атырау қаласында тұратын батырдың бесінші ұрпақтары да болды. 7 қазан 2016, 14:20 8 683 рет қаралды
Колумбия президентіне Нобель бейбітшілік сыйлығы тапсырылды Әлемде

Колумбия президентіне Нобель бейбітшілік сыйлығы тапсырылды

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Норвегияның Нобель комитетінің шешімімен 2016 жылдың бейбітшілік сыйлығы «елдегі жарты ғасырдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысты тоқтатуға күш салғаны» үшін Колумбия президенті Хуан Сантосқа тапсырылды, деп хабарлады ресейлік БАҚ. 7 қазан 2016, 16:19 1 828 рет қаралды
Қарағанды әкімдігі қаржы пирамидасына қатысты түсініктеме берді Қазақстанда

Қарағанды әкімдігі қаржы пирамидасына қатысты түсініктеме берді

Қарағандыдағы «Оптовка» қаржы компаниясы жабылып қалғаннан кейін, салған ақшаларын қайдан сұрарын білмей тентіреген жұрт кеше аудандық прокуратураны басып кірмек болған еді. Бүгін осы мәселеге қатысты Қарағанды облысының әкімдігі түсініктеме берді деп хабарлайды Baq.kz. 7 қазан 2016, 14:25 2 594 рет қаралды
Павлодар дәмханасында төбелес шығарған күзетшілер қамауға алынды Қазақстанда

Павлодар дәмханасында төбелес шығарған күзетшілер қамауға алынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар дәмханасындағы дауды сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ал «Элекор Күзет» күзетшілері екі айға қамалды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова. 7 қазан 2016, 14:13 2 111 рет қаралды
Блогерлерге жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі – Дәурен Абаев Қазақстанда

Блогерлерге жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі – Дәурен Абаев

Бүгінде әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға өз қалауымен желілік басылым ретінде тіркеуге тұру мүмкіндігін беру ұсынылып отыр. Яғни, олар жаңа мүмкіндік пен құқыққа ие болады деген сөз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев (суретте) facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz. 7 қазан 2016, 12:04 2 547 рет қаралды
Қазақстандықтар Флоридадағы "Мэтью" дауылының астында қалған Қазақстанда

Қазақстандықтар Флоридадағы "Мэтью" дауылының астында қалған

Үш қазақстандық АҚШ-тың Флорида штатындағы "Мэтью" дауылының эпицентрінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, олар Алматыдан келіп, Нью-Йоркте оқып жүрген студенттер екен. 7 қазан 2016, 11:19 2 036 рет қаралды
Ресей: АҚШ ұшақтарын Сирия әскеріне шабуылдаса атып түсіруіміз мүмкін Әлемде

Ресей: АҚШ ұшақтарын Сирия әскеріне шабуылдаса атып түсіруіміз мүмкін

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков ресейлік әуе шабуылынан қорғаныс жүйелері америкалық ұшақтарды немесе АҚШ бастаған коалиция ұшақтарын егер олар Сирия үкіметі әскеріне шабуыл жасаса атып түсіруі мүмкін деп ескертті. Конашенковтың Вашингтон мен Мәскеудің қарым-қатынасы күрт нашарлаған тұста жасаған бұл мәлімдемесі Ресейдің Сириядағы әуе операцияларының барысы туралы ең қатқыл әрі тіке мәлімдеме болды,- деп хабарлады Азаттық. 7 қазан 2016, 10:50 2 910 рет қаралды