Атырау, 29 наурыз 19:19
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спортты қаржыландыру жүйесін реформалау туралы заң қабылданды

2 867 просмотра


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортты қаржыландыру жүйесін реформалау жөніндегі "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов құжатта жергілікті спортшылар халықаралық деңгейде жоғары нәтижеге жетіп жүрген спорт түрлерін республикалық және облыстық деңгейде ашық және тиімді қаржыландырудың жаңа моделі қарастырылғанын айтқан. Енгізілген өзгерістер мен түзетулер бойынша, енді белгілі бір спортқа бюджеттен қаржы бөлінгенде ол бойынша халықаралық жетістіктер, материалдық-техникалық базасы, кадр резервтері, климат жағдайлары ескерілмек.

Қанағатов бұған қоса, заңда футбол клубтарына шетелдік ойыншыларға мемлекет бюджетінен қаржы төлеуіне тыйым салатын ереже барын айтқан.

Дереккөз: Азаттық

11 мамыр 2017, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.