Атырау, 29 наурыз 06:39
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ФИФА футбол тарихындағы ең қымбат транферге қатысты тергеуді бастады

2 318 просмотра


ФИФА туриндік «Ювентустан»  ағылшынның «Манчестер Юнайтед»  клубына ауысқан футбол тарихындағы ең қымбат трансфер Поль Погбаға (суретте) қатысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы ұйымдағы дереккөзге сілтеме жасап France Presse агенттігі хабарлады. 

Француздық жартылай қорғаушы Погба 2016 жылдың жазында 105,2 млн еуроға «Манчестер Юнайтедке» ауыстырылған болатын. ФИФА әзірге трансфердің қай тұсын зерттейтіні анық емес, деп жазды Лента.ру.

Погбаның рекорды көп ұзамай басқа сатылымдармен жаңалануы мүмкін. Аталмыш «Манчестер Юнайтед» «Барселонадан» бразилиялық шабуылшы Неймарды 200 млн еуроға сатып алуды көздеп отыр. Сондай-ақ МЮ бразилиялықтың жалақысын екі есеге ұлғайтып, бонусты, сыйлықты есептемегенде, жылына 25 млн еуроға жеткізуге әзір. 

Ал Халықаралық спорт зерттеулері орталығының сарапшылары Неймарды 246,8 млн еуроға бағалауда. Олар құны бойынша екінші орынға «Барселонаның» форварды Лионель Мессиді қойып отыр- 170,5 млн. Погба қымбат ойыншылардың үштігін түйіндеді, ол 155,3 млн еуроға бағаланды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 мамыр 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.