Атырау, 29 наурыз 10:55
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстан жыл сайын жемқорлықтың кесірінен 3,8 млрд доллар жоғалтады

2 616 просмотра


Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Егер Қазақстан мысалында осындай есептеулер жүргізсек, онда жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Елбасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасында» айтылған, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл Оңтүстік Шығыс Азия және Скандинавия түбегі елдерінің тәжірибесімен дәлелденген. Онда сыбайлас жемқорлық минималды, ал өмір сапасы – әлемдегі ең жоғары деңгейде. Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан әлемдік ЖІӨ жыл сайын шамамен 2%-ды жоғалтады, бұл 1,5­-2 триллион АҚШ долларына парапар.

Есептеулер кезінде ЖІӨ көрсеткіштерін және 2015 жылға доллардың теңгеге шаққандағы орташа жылдық бағамын қолдана отырып, экстраполяция әдісі қолданылды.

Сондықтан кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту мен сақтау үшін жағдай жасау болып табылады.

Сарапшылардың бағалауынша, жемқорлықтың 1%-ға азаюы ЖІӨ-нің 1-1,5%-ға артуына ықпал етеді, ал ЖТИ-дің (жемқорлықты түйсіну индексі) 2,4 баллға жақсаруы ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 0,5%-ға арттыруға себеп болады.

Дереккөз: BNews.kz

10 мамыр 2017, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.