Атырау, 23 желтоқсан 07:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы 27 тамызда күшіне енеді Әлемде

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы 27 тамызда күшіне енеді

Ұлыбританияда АҚШ-тың Ресей экс-тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты Ресейге салған жаңа санкциялары 27 тамызда - Федералдық реестр сайтында жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ТАСС және РИА "Новости" агенттіктері АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін санкциялар 22 тамызда күшіне енеді деп хабарланған. 24 тамыз 2018, 15:18 2 021 рет қаралды
Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынды Қазақстанда

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынды

Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  24 тамыз 2018, 15:08 1 268 рет қаралды
Еуропа құқық қорғаушылары Арон Атабекпен кездесе алмады Қазақстанда

Еуропа құқық қорғаушылары Арон Атабекпен кездесе алмады

Павлодарға түрмеде отырған диссидент Арон Атабекпен кездеспекке келген еуропалық құқық қорғаушылар - Италияның адам құқықтары жөніндегі федерациясының президенті Антонио Станго, Швейцария парламентінің депутаттары Клод Бегле мен Карло Соммаруга және Tribune de Geneve басылымының тілшісі Патрик Чуард онымен жолыға алмады. Бұл жайында Азаттық тілшісіне Антонио Станго телефонмен хабарлады. Стангоның айтуынша, құқық қорғаушылар Арон Атабекпен кездесу жайын Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен Қазақстанның Женевадағы елшілігі арқылы талқылаған. Министрлік арқылы алынған ресми жауапта Атабекпен кездесуге рұқсат берілмеген.   24 тамыз 2018, 14:42 1 824 рет қаралды
БАҚ: Британ соты Ілияс Храпуновты "БТА банкке" қаржы төлеуге міндеттеді Әлемде

БАҚ: Британ соты Ілияс Храпуновты "БТА банкке" қаржы төлеуге міндеттеді

Ұлыбритания Жоғарғы соты Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновты қазақстандық "БТА банктің" пайдасына 500 миллион доллар төлеуге міндеттеді. Бұл туралы америкалық Newsweek басылымы хабарлады. 24 тамыз 2018, 14:36 2 765 рет қаралды
АҚШ пен Ресей билігі өкілдері Женевада кездесті Әлемде

АҚШ пен Ресей билігі өкілдері Женевада кездесті

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Женевада кездесті. Кездесу қорытындысында бірлескен мәлімдеме жасалмады. 24 тамыз 2018, 11:02 1 222 рет қаралды
Киев: Донбасста 23 тамызда 5 украин сарбазы оққа ұшты Әлемде

Киев: Донбасста 23 тамызда 5 украин сарбазы оққа ұшты

Украина Қорғаныс министрлігі елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыста бес украин сарбазы оққа ұшып, жетеуі жараланғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, соңғы бірнеше айда әскерилер арасында мұндай адам шығыны болмаған. 24 тамыз 2018, 10:52 1 342 рет қаралды
"Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана" - Назарбаев шенеуніктерді сынады Қазақстанда

"Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана" - Назарбаев шенеуніктерді сынады

Назарбаев төрт мемлекеттік органда іске қосылған пилоттық жоба туралы әңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласындағы іссапары барысындағы жиналыста мемлекеттік қызметшілерді сынға алды. 24 тамыз 2018, 10:35 1 803 рет қаралды
Назарбаев Атырауда: Астрахан мен Ақтөбе арасына жол салынады Басқа жаңалықтар

Назарбаев Атырауда: Астрахан мен Ақтөбе арасына жол салынады

23 тамыздағы Атырау облысына сапары барысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Карат» ЖШС-нің «Дәулет» индустриалды аймағына (нан және макарон өнімдері, консервілер және т.б.), «Жігермұнайсервис ЖШС зауытына (конструкцияларды роботпен дәнекерлеу жаңалығын енгізген), «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесіне («ақылды» кен орнының таныстырылымы) және жаңа Студенттер үйіне («ҚазТрансОйлдың университетке тартуы) бас сұғып, кейін үлкен жиын өткізді. Сурет Бейнежазба 24 тамыз 2018, 10:11 5 924 рет қаралды
№14 парақор Басқа жаңалықтар

№14 парақор

Атырау қаласының №2 сотында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Рашид ӘЛІПБАЕВҚА үкім шықты. Ол ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1 және 4 тармақтары (Бірнеше рет қорқытып алу жолымен пара алу) бойынша айыпталған болатын. 24 тамыз 2018, 11:36 3 571 рет қаралды
Туған ағасын өлтіргенге үкім шықты Басқа жаңалықтар

Туған ағасын өлтіргенге үкім шықты

Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотта ағасын пышақтаған адамға үкім шығарылды. Іс материалдары бойынша, үстіміздегі жылдың 25 наурызында сотталушы О. Мен туған ағасы П. Қала сыртындағы Көкарна ауылында үйдің ішкі жөндеу жұмыстарын істеп жатады. 24 тамыз 2018, 09:57 2 623 рет қаралды
Жүргізушіден сақ бол Басқа жаңалықтар

Жүргізушіден сақ бол

Үстіміздегі жылдың шілде айында Махамбет ауданы Алмалы ауылында масаңдық белгісі бар 40 жастағы ер адам жүргізген «Лада Гранта» автокөлігі тоқтатылды. Ол медициналық куәландырудан өтуді ұсынған полицейлерге қарсылық көрсетті: ЖПҚ инспекторының көйлегінің түймелерін жұлып, қолына кісен салмақ болғанда баспен бетіне ұрып, қашып кетті. Алайда алысқа ұзамады – бірнеше минуттардан кейін бұзақы ұсталды. 23 тамыз 2018, 20:27 2 021 рет қаралды
Владимир Путин АҚШ салған санкциялардың ақылға сыймайтынын айтты Әлемде

Владимир Путин АҚШ салған санкциялардың ақылға сыймайтынын айтты

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Ресейге қарсы салған экономикалық санкцияларын мәнсіз деп танып, әрі көңілге қонбайтынын айтты. Сонымен қатар ол ақыр соңында Вашингтон конструктивті диалогқа келісетітіне үміттенетінін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап. 23 тамыз 2018, 17:15 1 335 рет қаралды
Париж түбіндегі шабуылдан екі адам қаза тапты Әлемде

Париж түбіндегі шабуылдан екі адам қаза тапты

Франция полициясы 23 тамыз күні Парижден батысқа қарай орналасқан Трап қаласында пышақ ұстаған адам көшеде екі адамды өлтіріп, бір адамды ауыр жаралағанын хабарлады. Шабуылды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды.   23 тамыз 2018, 16:51 1 828 рет қаралды
​  Ұлттық банк: БЖЗҚ операциялары валюта нарығына әсер етпейді Қазақстанда

​ Ұлттық банк: БЖЗҚ операциялары валюта нарығына әсер етпейді

Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Алия Молдабекова Біріңғай зейнетақы жинақтаушы  қорының валюталық саясаты жөнінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  23 тамыз 2018, 16:01 2 038 рет қаралды
Даниал Ахметов: Ел ауылдан үдере көшуде, біз қарап отырмыз Қазақстанда

Даниал Ахметов: Ел ауылдан үдере көшуде, біз қарап отырмыз

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде еңбек миграциясын реттеу және оралмандарды қабылдау жұмыстары салғырт жүріп жатқанын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл мәселе бүгін облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде талқыланды. 23 тамыз 2018, 15:19 1 770 рет қаралды
АҚШ Иранға салынатын санкцияны қаталдатуды жоспарлауда Әлемде

АҚШ Иранға салынатын санкцияны қаталдатуды жоспарлауда

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қатаң санкциялардың көмегімен Иранға қысымын күшейтуді жоспарлауда. Бұл туралы франциялық «lemonde.fr» басылымы америкалық президенттің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның сөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 23 тамыз 2018, 14:53 1 253 рет қаралды
АҚШ Мәскеудегі Ауғанстан бойынша келіссөзден бас тартты Әлемде

АҚШ Мәскеудегі Ауғанстан бойынша келіссөзден бас тартты

АҚШ Ресей ұйымдастырып жатқан Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі конференцияға қатысудан бас тартты. Бұл туралы хабарлаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі келіссөз Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға көмегі тиетініне күмән келтірді. 23 тамыз 2018, 13:59 2 184 рет қаралды