Атырау, 27 қараша 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өмірбек Бабановты қаржы полициясы тергеді

2 763 просмотра


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабановты экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет тергеуге шақырды. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Тергеу шамамен төрт сағатқа созылған.

Бабанов одан шыққан соң журналистерге банкке байланысты сұрақтарға жауап бердім деген. Бұған дейін Қырғызстанның қаржы полициясы мен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі зерттеп жатқан сегіз қылмыстық іске Өмірбек Бабановтың та қатысы бар екені хабарланған. Бұл сегіз қылмыстық істің төртеуі жайлы дерек бар, қалған істер жайлы мемлекеттік органдар да, Бабанов та айтпаған.

2017 жылғы президент сайлауынан кейін Өмірбек Бабанов саяси карьерасы аяқталғанын айтып, елден кеткен еді. Осы уақыт бойы Мәскеуде тұрған экс-депутат биыл 9 тамызда Бішкекке оралған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

5 қыркүйек 2019, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.