Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Неміс маманы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директоры болды

4 415 рет қаралды


Неміс маманы Михаэль Кортюм «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның  Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

М. Кортюм темір жол саласында, оның ішінде  жолаушылар тасымалында мол тәжірбиесі  бар маман.  Қайта құру, жобалау, жаңа стратегияны жүзеге асыруда талай  ірі жобаларды іске қосқан.   

 Сондай-ақ,    клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету, сервис  мәселелері, жолаушылар тасымалындағы  көптеген өзекті пробелмалардың  шешімін тауып, осы бағытта талай игі бастамалардың жетекшісі болған.    

М. Кортюм 1969 жылы 3 ақпан күні  Гамбургте дүниеге келді (Германия).  Еңбек өтілі  1989 жылдан бастау алады.  «DeutscheReichsbahn» компаниясында  (Неміс темір жолдары) қатардағы электромонтер, артынан  5 жыл пойыз машинисі болған. Бұдан кейін жолаушылар пойыздарына қызмет көрсету бөлімінің супервайзері қызметіне ауысты.  

«DB Fernverkehr» компаниясының Солтүстік сервис орталығының басшысы,  Солтүстік Германия өңіріндегі «DB InternationalGmbH» компаниясының басшысы болды.      

Соңғы жылдары М. Кортюм Таяу Шығыс пен Солтүстік Германия бойынша команияның өндіріс жөніндегі Бас директоры,  «DB Engineering&Consulting» компаниясының бас директоры, «ValueEngineering / Asia and Pacific» және «DB Engineering&Consulting» Атқарушы директоры (Берлин) лауазымында еңбек еткен. 

Дереккөз: Inform.kz

5 қыркүйек 2019, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.