2017 жылы жарылыс болған бұл фабриканы Үндістан үкіметі жаппаған еді. Енді осы кәсіпорында тағы жарылыс болып, кемінде 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды The Guardian.
Ескі фабрикада жарылыс салдарынан ғимарат тұтастай жанып кетті. Полиция қызметкері Мухтиар Сингх сәрсенбі күні болған жарылыстан 15 адам қаза тапқанын хабарлаған еді, қазір бақилық болғандардың саны 22-ге жетті. Фабрика Пенджаб штатында, Нью-Делиден 460 шақырым жерде орналасқан.
Сингтың мәліметінше, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Штат үкіметінің әкімшісі Дипак Бхатия жарылыстың себебі зерттеліп жатқанын айтты. Саясаткер Бикрам Сингх Матиджа бұл фабриканың заңсыз түрде жұмыс істегенін айтып, заң органдарын жауапқа алуды талап етіп жатыр.
Тұрғындары бар ауданда орналасқан фабрика лицензиясыз бірнеше жыл бойы жұмыс істеген. 2017 жылы дәл осы фабрикада жарылыс болып, 1 адам қаза тапқан еді. Фабрика отшашулар шығарумен айналысады.
Дереккөз: Inform.kz