Атырау, 27 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Молдова Ресейдің бес дипломатын елден шығарды Әлемде

Молдова Ресейдің бес дипломатын елден шығарды

Ресейдің Молдовадағы елшісі Фарит Мухаметшиннің сөзіне қарағанда, молдова билігі Ресей дипломатиялық өкілдігінің бес қызметкерін елден шығарған. Елшінің мәлімдеуінше, дипломаттар персона нон грата деп жарияланып, оларға Мәскеуден бір тәулік ішінде кету талап етілген. Молдованың ресейшіл президенті Игорь Додон еуропашыл саясатты ұстанатын үкіметтің бұл әрекетін айыптады. Додон Facebook-тегі парақшасында "Үкімет Ресейге қатысты ерсі әрекет жасады" деп жазды. 30 мамыр 2017, 10:04 2 368 рет қаралды
Сұлтанов зейнетақы салымшыларының ақшасын Әзербайжан банкінен қайтару жұмысы туралы баяндады   Қазақстанда

Сұлтанов зейнетақы салымшыларының ақшасын Әзербайжан банкінен қайтару жұмысы туралы баяндады

ҚР Үкіметінің отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов зейнетақы қоры салымшыларының ақшасын халықаралық Әзербайжан банкінен қайтару жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  30 мамыр 2017, 09:56 1 905 рет қаралды
Мәскеуде дауылдан кем дегенде 11 адам қаза тапты Әлемде

Мәскеуде дауылдан кем дегенде 11 адам қаза тапты

Мәскеуде кенеттен қатты дауыл тұрып, салдарынан 11 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. "Мұндай қайғылы оқиға бұрын-соңды болмаған. Дауыл күндіз болды, сондықтан осыншама адам зардап шекті" деді Мәскеу мэрі Сергей Собянин. Оның сөзінше, дауылдан 70-ке тарта адам зардап шеккен. 30 мамыр 2017, 09:52 2 109 рет қаралды
Атырау колонияларында ораза ұстауға тыйым салынды Қазақстанда

Атырау колонияларында ораза ұстауға тыйым салынды

Атыраудағы УГ 157/9 колониясындағы жазасын өтеушілер мұсылмандар қасиетті санайтын Рамазан айында өздеріне ораза ұстауға тыйым салынғанына шағымданды деп хабарлады Азаттыққа құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. 29 мамыр 2017, 16:23 2 421 рет қаралды
Кішігірім дәмханалар мен шаштараздар СЭС бақылауынан шығарылды  Қазақстанда

Кішігірім дәмханалар мен шаштараздар СЭС бақылауынан шығарылды

50 орыннан кем қоғамдық тамақтану орындары мен аумағы 50 ш.м. кем сауда нысандары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бақылауынан шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 29 мамыр 2017, 13:50 2 316 рет қаралды
Ресей өзінің алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді Әлемде

Ресей өзінің алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді

Ресей орта қашықтыққа ұшуға арналған, MC-21-300 деп аталатын алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді. Ресейдің совет одағынан бері жасап шығарған алғашқы ұшағы 28 мамырда сынақ ретінде ұшырылды. MC-21-300 Батыс елдерінің ұшақтарына бәсекелес болуы әбден мүмкін. 29 мамыр 2017, 13:44 1 879 рет қаралды
Министр: адвокат мәртебесін алу үшін үміткер 1 млн теңге төлейді   Қазақстанда

Министр: адвокат мәртебесін алу үшін үміткер 1 млн теңге төлейді

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Қазіргі уақытта Қазақстанда адвокат мәртебесін алу үшін үміткер бірнеше күрделі рәсімнен өтіп, орта есеппен 1 миллион теңге төлейді, деп хабарлады ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Мәжілісте өткен нотариат және адвокатура институттарын дамыту және реформалау бағыттары талқылау кезінде. 29 мамыр 2017, 13:38 2 147 рет қаралды
Қазақстанда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі  Қазақстанда

Қазақстанда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев адвокаттардың жылына белгілі бір сағаттар көлемінде халыққа тегін қызмет көрсетуіне міндетті болатын жүйені енгізу ұсынысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  29 мамыр 2017, 10:39 1 592 рет қаралды
EXPO-2017 ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти және Би-2 концерттерінің билеттері пайда болды Қазақстанда

EXPO-2017 ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти және Би-2 концерттерінің билеттері пайда болды

Expo-2017 көрмесінің ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти, Би-2 және "Мумий Тролль" концерттерінің билеттері сатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 мамыр 2017, 10:34 1 857 рет қаралды
Солтүстік Кореяның тағы да зымыран ұшырғаны хабарланды Әлемде

Солтүстік Кореяның тағы да зымыран ұшырғаны хабарланды

Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыран ұшырған болуы мүмкін екенн мәлімдеді. Оңтүстік Корея президенті Мун Джэин зымыран ұшырылғанын талқылау үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырғаны хабарланды. Зымыран Солтүстік Кореяның Вонсан қаласынан шығыс бағытқа қарай ұшырылған. 29 мамыр 2017, 10:25 2 868 рет қаралды
13 жастағы баланы ит талап тастағаны туралы Басқа жаңалықтар

13 жастағы баланы ит талап тастағаны туралы

Құқыққорғау органдары ұсынған ақпарат бойынша, 2017 жылдың 26 мамырында Авангард ықшамауданында бір топ жасөспірім жеке секторда құрылыс салынып жатқан нысанда ойнап жүрген кезде арттарынан қарауылшы қуған (балалардың сөзі). 28 мамыр 2017, 19:44 4 654 рет қаралды
Уылдырық аз мөлшерде Басқа жаңалықтар

Уылдырық аз мөлшерде

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Марат ӘБДІРАХМАН төрағалық ететін үйлестіру штабының отырысында «Бекiре-2017» балық қорғау акциясының алдын ала қорытындысы жасалды. 28 мамыр 2017, 14:30 3 813 рет қаралды
ҰБТ, лагерьлер, балабақшалар, ЭКСПО және грант Басқа жаңалықтар

ҰБТ, лагерьлер, балабақшалар, ЭКСПО және грант

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарының нақты мерзімдерін атады: ҰБТ 21, 23 және 25 маусымда өтеді. 28 мамыр 2017, 15:07 5 370 рет қаралды