Атырау, 22 желтоқсан 08:34
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 963 просмотра

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Сочиде панкратионнан әлем чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, ұлттық команданы жерге қаратпады.

Жастар арасында екі «қола» жүлде қоржынымызда: 54 келіге дейінгі салмақта Тілек Асылбекұлы мен 71 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Ғизатоллаев жүлдеге ілікті. Ересектер арасында: «күміс» – Ақбөбек Ерғалиева (58 келіге дейін), «қола» – Жұмагелді Жалғасұлы (66 келіге дейін), Думан Балмұханов (84 келіге дейін), Денис Власов 100 келіге дейін). Командалық есепте Қазақстан құрамасы Ресейден кейінгі екінші орынға табан тіреді.

***

ТАЕКВОНДО

Алматыда «А» санаттағы «Almaty Open - Bars Cup» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Атырау қаласының жоғары спорттық шеберлік мектебінің тәрбиеленушілері келесідей нәтижеге қол жеткізді: «күміс» – Үмбет Шәкиев (80 келіден жоғары), «қола» - Алмас Меллатов (68 келіге дейін), Айгүл Елубай мен Аягөз Нығметова (67 келіден жоғары), Айдана Еділбаева (49 келіге дейін).

***

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қалмақ астанасы Элистада 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда жеңіл атлетикалық жүгіру сайысы өтті. Жүгіруге 600-ден астам спортшы қатысты. 10 шақырым қашықтықта Атыраудың атынан жүгіру ардагері, мұнай және газ университетінің профессоры Асқар Қазиев қатысып, мәреге дейін жүгіріп келді.

***

ПАУЭРЛИФТИНГ

Атыраулық атлеттер пауэрлифтингтен, күштік екісайыстан, шалқалап жатып штанга көтеру және станокта тартылудан WRPF нұсқасы бойынша Мәскеуде өткен әлем чемпионатында тамаша ойын үлгісін көрсетті.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы «Дәкемен пауэрлифтинг» санаты бойынша қатысушы атыраулық Кирилл Литвинов ер адамдар арасындағы сайыста да өз күшін сынап көрді. Ол отырып 160 кг, шалқалап жатып 90 кг, станокта 220 кг штанга көтеріп, бұрынғы әлем рекордтарын жаңартты. Ел қоржынына тағы үш алтын жүлдені 125 келіге дейінгі салмақта Эдуард Кабдешев, 100 келіге дейінгі салмақта Александр Литвинов, 90 келіге дейінгі салмақта Алексей Ишин салды.

***

БОКС

Талдықорғанда жастар арасында халықаралық «Жетісу Кубогы 2017» турнирі өтті. Екі атыраулық боксшы көзге т.сті, Аян Айтқалиев пен Абылай Бітімов қола медаль иеленді. 

***

ФУТБОЛ

«Сазанқұрақ» командасы Атырау қаласының футболдан 14-чемпионатында жеңімпаз атанды. 

Күміс медаль - «Достар», қола – «Нұрберген» командасында.




2 қараша 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.