Атырау, 27 сәуір 19:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

​Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президентін Ақордада қарсы алды

67 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Президенттер бір біріне делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұраны орындалды. 

«Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін аз және кеңейтілген құрамда талқылау үшін келіссөздер залына өтті», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, технология, ауыл шаруашылығы және медицина салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Бүгін, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.