Екі апта бұрын Авангард-4 ықшамауданындағы №6 үйдің шатыры мен тұрғындары «суға» кетті. Бұл үйде терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан жаңбыр маусымына қарамастан ескі шатырды алып, оның орнына салынатын жаңа шатырды күні кеше ғана әкелген.
5-қатардағы пәтердің иесі Алена үйінің қазіргі көрінісіне ренжулі, себебі, қабырғамен аққан судан түсқағаздар да пайдасыз болды.
- Жаңғырту жұмыстарының қашан басталатынын бізге айтқан жоқ, Қыркүйекте шатырды алып, жертөлелерді жөндеп, тұрбаларды ауыстыра бастады. ПИК қызметкерлері келісімшартты тек содан кейін әкелді, мен, әрине, оған қол қойған жоқпын, - дейді Алена. – Басқа тұрғындардың қолдарында да ешқандай құжат жоқ. Бір көршіміз ТКШ бөліміне барған екен, оған жүргізілетін терможаңғырту жұмыстары туралы тұрғындарға хабарланды деген 2013 жылғы құжатты көрсетіпті. Алайда ол құжаттағы қойылған қолдар біздің қолдарымызға сәйкес келмейді, сонда біз үшін басқа біреудің қол қоя салғаны ғой.
Заң бойынша, терможаңғырту жұмыстарын бастамас бұрын пәтер иелерінің кем дегенде 70%-ның келісімін алу керек.
- Шындығында ПИК-тегілер қолды біз прокуратураға барамыз деген соң ғана жинап жатыр, - дейді Алена.
Өткен демалыс күндері үй шатыры салынғанмен, жөндеу барысында тұрғындарға келтірілген залалды кім өтейді?
Қазір қарсы беттегі үйдің де шатырын алып тастапты – жөндеу жүргізушілердің алдыңғы тәжірибесі өздеріне сабақ болмағаны ма? Соған қарағанда шатырдағы емес, жергілікті ТКШ жүйесіндегі кемшіліктерді жою керек сияқты.
Анастасия АЛЮШИНА
Фото мен видеоны түсірген Марат ТАКУЛИН