Атырау, 7 ноября 22:46
 облачноВ Атырау +1
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Халыққа қолжетімді баспана ұсыну мақсатында ҚР тұрғын үй құрылысының операторлары біріктірілді

PR
8 538 просмотров

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтарынан «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі АҚ-ның үш еншілес ұйымы – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ біріктірген тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы жұмысын бастайды. Сонымен қатар оператор «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс салушыларды субсидиялау қызметін де қоса атқаратын болады. 

Аталмыш біріктіру мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй құрылысы механизміне қандай өзгерістер әкеледі?

Еске салсақ, 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында тұрғын үй саласында жеті бірдей оператордың жұмыс істейтініне бөлек тоқталған еді. Сол кезде ҚР президенті мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға тапсырма беріп, бір жыл өткеннен кейін, 2020 жылдың 9 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінетұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Құжат нормаларына сәйкес, жұмыс істеп тұрған «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ тұрғын үй операторлары биыл «ҚИК» ИҰ» АҚ-на қалған екі оператордың қосылуы арқылы қайта құрудан өтті. 

Жуық арада Бірыңғай оператордың атауы белгілі болады. Әзірге «Бәйтерек» ҰБХ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деген атауды ұсынды (әрі қарай ҚТҮК).

Еншілес компаниялар біріккен соң ҚР Бірыңғай тұрғын үй операторының қызметінде қандай өзгерістер болады? 

Енді тұрғын үйді жобалаудан бастап тапсыруға дейінгі барлық деңгейдегі жұмыстар «Қазақстандық тұрғын үй компаниясының»құзырына кіреді. Бірыңғай оператор әкімдіктердің облигацияларын сатып алу, үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттерін субсидиялау, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру, уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотека беру сияқты құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша жеке құрылыс салушылармен, жергілікті атқарушы органдармен, екінші деңгейлі банктермен жұмыс жасайды. Оның қызметіне тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу және қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық ІТ-бастамаларды дамыту кіретінін де атап өткен жөн.

«Бәйтерек» ҰБХ-де бұл оңтайландыру холдингке мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын тиімді жүргізіп, сингапурлық Тұрғын үй құрылысы және даму кеңесі үлгісіне (Housing and Development Board) көшуіне мүмкіндік беретініне сенімді. Жаңа үлгіге сәйкес, бірыңғай оператор халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын, инженерлік, әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылыммен қамтылған жаппай тұрғын үй салуды кешенді түрде жүзеге асырады. Жұмыстар стратегиялық жоспарлау мен жобалаудан басталып, инжиниринг, цифрлы мониторинг және қолданысқа тапсыру сияқты құрылыстың барлық кезеңін қамтиды.

Бірыңғай тұрғын үй операторын құру бюджет шығынын қажет етпейді, керісінше, қызметтерді оңтайландыру арқылы тұрғын үй компаниясының жалпы әкімшілік шығындары 40% немесе 3,4 млрд теңгеге қысқарады. Ұжымның штаттық саны 32%немесе 101 адамға қысқарады, оның ішінде басқару тобы да бар.

27 ноября 2020, 07:12

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш Телеграм и на editor@azh.kz.

Комментарии отключены