Даукенбаев Беріктің

1 736 просмотров


Бауыр етім ұлым Даукенбаев Беріктің рухына арнаймын!

Жоқтаумен сені жүз күн өтті жарығым,
Ешбір жан, сірә, болжамайды ғой алдынан.
Барлығы түгел, жетпесім жоқ деуші едім,
Енді, міне, қара түнек мәңгі жамылдың.
Тұншығып көз жасымды тыя алмадым,
Тар болды, кең дүниеге сыя алмадым.
Кеудемді жалын оты күйдірумен,
Жарқыраған жұлдызым болдың сағым.
Шыдатпас бала кетіп, ана қалған,
Жүректе жазылмайтын жара салған.
Азық боп бұл өмірден өткенімше,
Мәңгілік жер төсекке жеткенімше.
Уайымнан көз  жасым селдегенде,
Сәуірде жеміс ағаш гүлдегенде,
Бірақ сен гүлдемедің, сола бердің,
Зар жылап кәрі шешең қала берді.
Көп еді көңіліңде армандарың,
<Көреді пенде, шіркін, салған бәрін.
Жәудіреп екі көзің жаттың жаным,
Қалай ұмытам, көз алдымда оның бәрі.
Жалғызыңнан немере көре алмадың,
Тұрғызып алақанға өбе алмадың,
Төредей боп қақ төрде құда болып,
Отыруға қимады өмір жалған,
Түңілдім, бәрінен де көңіл қалған.
Өң мен түстей айрылды бауырларың,
Әкелерін жоқтатпаған ағадан.
Мәпелеген тойын жасап, құдалығын,
Кәдесінде үкілеп таққан бәрін.
Тай құлындай тебіскен достарыңа,
Бұндай зұлмат келмесін бастарына.
Қиын-қыстау кезеңде құстай ұшып,
Табылдыңдар жан достың қастарында.
Кулагиннен, Аққыстау, Атыраудан
Бар келген жақсылығын жасап қолдан,
Жылқы жылы туғандар намыстарың,
Айта жүрсін дегендей шықтың жолдан.
Қанатын жайып барушы еді тойларыңа,
шаттығы жарасатын бойларыңа.
Шын жүректен қуанып жүруші еді,
Аппақ сүт бетіндегі қаймағындай.
Рахымың алыстан борышын өтеп келгенде,
Топырақ, дауыл бұрқанып, селдетіп құйды көктен де.
Аспан да, жер де тербеліп жылап тұрды алдында,
Омырауды жуды көз жасым, жаным шықпай кеудемде.
Қабырғам менің сөгілген,
Шыбындай жаным егілген.
Сол кезде бірге жүгірген,
Жанашыр болған бәріңе,
Жүз күндік дұға дастархан
Жайылады сендерге,
8 тамызда бірге болыңдар бізбенен.

Мекен-жайымыз Махамбет селосы, Торайғыров көшесі, 39 үй, өз шаңырағы. Анасы Ботагөз, бауырлары, жанұясы.

29 июля, 19:11

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

Комментарии отключены