Атырау, 26 апреля 13:07
 ясноВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Доссорда 100 орындық балабақша пайдалануға берілді

PR
5 113 просмотров


Аптаның алғашқы күні Доссор кентінде жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Балабақшамен қамту жұмысы шешімін таба бастаған ауданның Доссор кентінде биыл 280 орындық тағы бір балабақшаның іргесі қаланып отыр. Қазіргі таңда ауданда балабақшаға мұқтаж 1200-ге жуық бала болатын болса, Доссор кентінде кезекте тұрған 430 бүлдіршіннің 150-і енді жаңа балабақшаның есігін ашады. Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі 45 тұрғынды жұмыспен қамтиды. Олардың 20-сы педагогикалық қызметкерлер.

Балабақшаның ашылу салтанатына жиналған дербес бөлім басшылары, ардагерлер, кент тұрғындары, білім беру саласы қызметкерлері жаңалықпен бөліссе, аудан әкімі Жұмабай Қарағаев, кенттегі ардагерлер кеңесінің төрағасы ДіңғалиДәулетбаев, облыстық мәслихат депутаты, НКОК компаниясының өкілі Серік Идранов құттықтау лебіздерін білдірді. Демеуші  компанияның әлеуметтік міндеттемелер бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқан нысанның кілтін кенттегі «Қарлығаш» балабақшасы филиалы есебінде қызметін бастайтын меңгерушісі Бақтыгүл Есеноваға табыстады.

Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен 2012 іргесі қаланған балабақша алғашында шипажай типтік үлгіде 100 орындық болып жоспарланып, жауапкершілігіне алған мердігер компаниялар тарапынан жұмысы кешеуілдеген болатын. Өткен жылы аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың ұсынысы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен биыл әлеуметтік нысанның құрылыс жұмысы толықтай аяқталды. Енді бөбекжай-балабақша талабымен 150 баланы қамтуға дейін мүмкіндік алып отыр.


Жаңа нысанның дербес блоктарында медициналық қызмет, музыка, спорт залдары, жүзу бассейні, сауна балалар саулығының қалыптастыруына мүмкіндік жасаса, 6 топтағы тәрбиеленушілер үшін асхана қызметі ас мәзірін жедел сатымен жеткізу механизмімен басқарылады. Тәрбие топтары ұлттық ойыншықтарға толы, әжетхана, жатын бөлмелері де заман талабына сай жабдықталған. Сондай-ақ, балабақшаға 48 бейне-бақылау камералары орнатылған.

Жаңалықпен бөлісе келген тұрғындар қошеметімен салтанатты жағдайда лента қиылып, шашу шашылды. Жаңа нысанның ішін аралап, балалар үшін жасалған жақсылықтың куәсі болды.

22 февраля 2019, 16:00

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены