Атырау, 25 желтоқсан 15:26
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

ЕАЭО Қытаймен сауда келіссөзін бастамақ Әлемде

ЕАЭО Қытаймен сауда келіссөзін бастамақ

Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдер басшылары Қытаймен сауда келісімі туралы келіссөз бастауға келісті,- деп хабарлады Азаттық. Астанада өткен саммиттен кейін Ресей вице-премьері Игорь Шуваловтың мәлімдеуінше, келіссөз процесі күрделі болмақ. ЕАЭО ресми түрде екі жыл бұрын - Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері келісімге қол қойған соң құрылған. Кейін оған Қырғызстан мен Армения қосылған. 1 маусым 2016, 10:10 1 970 рет қаралды
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанда

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүкіл әлемде 1 маусым - Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 1 маусым 2016, 09:43 6 972 рет қаралды
Ресей: ОПЕК саммитіне қатыспаймыз Әлемде

Ресей: ОПЕК саммитіне қатыспаймыз

Ресей осы аптада Венада өтетін мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК жиынына қатыспайды және бұдан былай әлемдегі мұнай өндірісін азайтуға тырыспайды,- деп хабарлады Азаттық. Бұған себеп - әлемде мұнай баррелінің бағасы 50 АҚШ долларына жақындады. Бұл туралы Ресей энергетика министрі Александр Новак пен оның орынбасарлары журналистерге 2 маусымда басталатын ОПЕК саммиті қарсаңында айтқан болатын. 1 маусым 2016, 09:40 2 223 рет қаралды
Соңғы аялдама Басқа жаңалықтар

Соңғы аялдама

Жарты жылдан астам уақыттан бері соңғы аялдамаларға дейін баратын автобус жолаушыларының алдында мынадай көрініс тұрады. Күнқағар астына маршруттық таксидің қызметкерлері, атап айтқанда «Айс Транс Холдинг» компаниясының қызметкерлері жайғасқан. 31 мамыр 2016, 17:50 3 926 рет қаралды
Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды Қазақстанда

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Алматыда бүгін Наурызбай мен Қабанбай көшелерінің қиылысындағы, бұрынғы НКВД ғимараты алдындағы саябақта саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шара өтті,- деп хабарлады Азаттық. Әкімдік ұйымдастырған шараға жиналғандар саябақтағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына болашақта ескерткіш орнатылады деп қойылған қара тасқа гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң Алматы әкімі Бауыржан Байбек, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары сөз сөйледі. 31 мамыр 2016, 16:54 3 392 рет қаралды
ЕАЭО елдері 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы құжатын бекітті Қазақстанда

ЕАЭО елдері 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы құжатын бекітті

Ақордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы құжатын бекітті,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 31 мамыр 2016, 16:50 1 459 рет қаралды
Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алды Басқа жаңалықтар

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алды

Бүгін, 31 мамырда Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алды. Осы атаулы күн елімізде жыл сайын елбасының жарлығына сәйкес, 1997 жылдың 5 сәуірінен бастап аталып келеді. 31 мамыр 2016, 16:46 9 513 рет қаралды
Қадыржан Арыстанов облыстың бас экологы болып тағайындалды Басқа жаңалықтар

Қадыржан Арыстанов облыстың бас экологы болып тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып бұрын ҚР Парламентi Сенатының табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетiнiң бас кеңесшісі болып жұмыс істеген 58 жастағы Қадыржан Бақтығалиұлы АРЫСТАНОВ тағайындалды. 31 мамыр 2016, 15:53 4 426 рет қаралды
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті Қазақстанда

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Кездесуде мемлекеттер басшылары кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың жай-күйін талқылады,- деп хабарлады Ақорда. 31 мамыр 2016, 14:05 2 337 рет қаралды
БҚО-да көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген шенеунік жайлы істің мән-жайы белгілі болды Қазақстанда

БҚО-да көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген шенеунік жайлы істің мән-жайы белгілі болды

Оралда сот өңілдесін өлтіруге тапсырыс беру бойынша күдікті - батысқазақстандық шенеунік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеңіс Серікқалиев пен оның екі сыбайласы соттың шешімімен екі айға қамауға алынды. 31 мамыр 2016, 11:20 2 275 рет қаралды
Ердоған: Мәскеу күрдтерді қаруландырады Әлемде

Ердоған: Мәскеу күрдтерді қаруландырады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясын қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. Түркиялық мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоған Мәскеу қару-жарақты Ирак пен Сирия арқылы жеткізіп жатыр деген. 31 мамыр 2016, 10:44 2 457 рет қаралды
Мәскеуден мыңдаған мигрант шығарылды Әлемде

Мәскеуден мыңдаған мигрант шығарылды

Мәскеу полициясының 5-25 мамыр аралығында жүргізген "Нелегал-2016" және "Заслон-2016" арнайы операциялары барысында Ресейден бес жарым мың заңсыз мигрант шығарылды деп хабарлайды Азаттық. Полиция 150-ге жуық іздеуде жүрген қылмыскердің ұсталып, миграциялық заңнамаларды бұзудың 14 мыңнан астам фактісі анықталғанын және екі килограмға жуық есірткі мен 180-ге тарта қару-жарақ тәркіленгенін хабарлайды. 31 мамыр 2016, 10:38 2 223 рет қаралды
«Қазпочта» Австралиямен теңеседі Басқа жаңалықтар

«Қазпочта» Австралиямен теңеседі

Екі жыл бұрын «Қазпочта» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске қосылды. Атырауға бас кеңсенің өкілдері келіп, атыраулық әріптестерімен кездесті. Табысты жұмыс жасап жатқан өзгерістер туралы, күн сайын жұмыс кезінде пошташылар мен пошта бөлімдерінің операторлары бетпе-бет келетін проблемалар мен алдағы өзгерістер туралы әңгімелер айтылды. 31 мамыр 2016, 10:15 2 728 рет қаралды
Жылы каналдан қалай өту керек? Басқа жаңалықтар

Жылы каналдан қалай өту керек?

28 сәуірде «Ивановец» автокранының жүргізушісі салмағы 6 тоннадан астам көлікке жүруге шектеу белгісі қойылғандығына және опырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту маңдайшасына қарамастан, Жылы каналы арқылы салынған, жабын плиталары тозған көпірден өтіп кетеді. Көпір опырылып, кран каналға құлайды, жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалады («Автокран каналға құлады»). 31 мамыр 2016, 11:24 2 204 рет қаралды
Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды Қазақстанда

Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды

Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан "Дін терроризмге қарсы" халықаралық конференциясына қатысушыларға сөз айтты. Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 31 мамыр 2016, 10:20 1 467 рет қаралды
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстанда

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 31 мамыр 2016, 10:11 8 105 рет қаралды
Бұзаулар аусылдан емес, пастереллезден қырылды Басқа жаңалықтар

Бұзаулар аусылдан емес, пастереллезден қырылды

Атырау аумақтық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВ Махамбет ауданында үй жануарлары арасында аусыл індеті пайда болды деген қауесетті жоққа шығарды. 30 мамыр 2016, 20:20 2 379 рет қаралды
87 ел және халықаралық 15 ұйым "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын растады Қазақстанда

87 ел және халықаралық 15 ұйым "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын растады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 30 мамыр 2016, 17:10 2 614 рет қаралды
Иманғали Тасмағамбетовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды Қазақстанда

Иманғали Тасмағамбетовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері Иманғали Тасмағамбетовтың отставкаға кеткені және оның үй қамауына алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 30 мамыр 2016, 16:35 2 567 рет қаралды