Атырау, 23 қыркүйек 16:27
 дождьВ Атырау +31.9
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

Тоқаев ұсынды, Кеңес мүшелері қолдады: Қошанов Қазақстан Халық Кеңесін басқарды

79 рет қаралды

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сайлау Астанада органның ұйымдастыру отырысында өтті. Жасырын дауыс беру нәтижелерін таныстырған Есеп комиссиясының төрағасы Мұрат Әбенов жәшіктен 121 бюллетень шығарылғанын хабарлады. Жарамсыз бланкілер тіркелген жоқ: Ерлан Қошановтың кандидатурасына отырысқа қатысқан 120 адам дауыс берді, тағы бір адам қалыс қалды.

Бұған дейін Қошановтың бұл лауазымға кандидатурасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Кеше Мемлекет басшысы құрамына 126 адам енген Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті.

Ерлан Қошанов 1962 жылы дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын «инженер-механик» мамандығы бойынша, КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы Жоғары коммерциялық мектепті, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасында слесарь және шебер болып бастаған. Әр жылдары түйінді мемлекеттік лауазымдарды атқарды:

  • Көлік және коммуникация вице-министрі, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
  • ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы;
  • Қарағанды облысының әкімі (2017–2019 жылдары);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы (2019–2022 жылдары);
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.

Ерлан Қошанов мемлекеттік «Құрмет», «Парасат» және «Отан» ордендерімен марапатталған.

Бүгін, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.