Атырау, 23 қыркүйек 16:50
 дождьВ Атырау +31.9
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

​Америкалық миллиардер «Лукойлдың» шетелдегі активтерін сатып алуға өтінім дайындап жатыр

71 рет қаралды

Америкалық миллиардер Тодд Боэли ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының шетелдегі активтерін сатып алуды көздеп отыр.

Financial Times басылымының мәліметінше, қаржыгер АҚШ үкіметі мен Парсы шығанағы елдеріндегі ықпалды инвесторлардың қолдауына ие болған.

Басылымның хабардар дереккөздерге сілтеме жасап жазуынша, Боэли америкалық Carlyle инвестициялық тобына бәсекелес болуды көздеп, бірнеше айдан бері ұсыныс дайындап жатыр.

FT ақпараты бойынша, Боэли консорциумына АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы (DFC) және БӘӘ президентінің бауыры, шейх Тахнун бен Заид Аль Нахайян кіреді.

«Лукойлдың» шетелдік бизнесінің құны шамамен 20 млрд долларға бағаланып отыр. Оның құрамына мұнай-газ активтері мен мұнай өңдеу кәсіпорындары, соның ішінде Болгария, Румыния және Нидерландыдағы нысандар кіреді.

2026 жылғы 29 қаңтарда «Лукойл» топтың шетелдегі активтеріне иелік ететін «LUKOIL International GmbH» еншілес компаниясын сату бойынша Carlyle компаниясымен келісімге қол қойылғанын хабарлаған болатын. Бұл ретте келісім эксклюзивті болған жоқ: ресейлік компания басқа да әлеуетті сатып алушылармен келіссөздердің жалғасатынын айтқан еді. Компания сату себебін өзіне қарсы енгізілген санкциялармен түсіндірді.

Қазақстандық активтер Carlyle-мен жасалған келісімнен шығарылды. Қаңтардағы хабарламада «Лукойл» олардың топтың меншігінде қалатынын және қолданыстағы лицензия аясында жұмысын жалғастыратынын бөлек атап өткен еді.

Қыркүйекте «Лукойл» Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы геологиялық барлау және өндіру жобаларын толығымен тоқтататынын хабарлады.

Бүгін, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.