Атырау, 22 наурыз 09:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Барлық жаңалық

Ұрланған көлікпен жолаушы тасыған жігіт ұсталды​ Басқа жаңалықтар

Ұрланған көлікпен жолаушы тасыған жігіт ұсталды​

16 маусымда күндіз қала маңындағы Геолог ықшамауданында жасөспірім үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota көлігін айдап кеткен. Ұсталғанша бірнеше сағат бойы Дамбы-Балықшы бағытында осы көлікпен жолаушыларды тасымалдап, таксист болып жүрген. Ұсталған кезде салон ішінде жолаушы отырған. Ал «таксисттің» өзі сол уақытта клиенттерден түскен ақшаға сатып алған бірнеше құты сыраны ішіп үлгеріпті. 19 маусым 2019, 11:30 3 130 рет қаралды
Сәби тек жылай алады ғой... Басқа жаңалықтар

Сәби тек жылай алады ғой...

Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай бүлдіршінді ұрып-соғып жатқаны бейнеленген бейнежазба тарап кеткен. Мұның мектепке дейінгі мекемеде болып жатқаны анық көрінеді. Бұл әйел жалпы сөйлеу тілі дамымаған және психикалық-сөйлеу тілі кешеуілдеген балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.  Бейнежазба 19 маусым 2019, 11:18 3 219 рет қаралды
«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма? Басқа жаңалықтар

«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма?

Әлеуметтік желілерде «Атырау» ДСК жанындағы жағажай қызу талқылануда.  Ол жерге ағаштан жасалған, едені ойылған қарапайым 4 дәретхана орнатылған. Кейбіреулер оны мысқылмен «инсталляция», «перфоманс», «артхаус» деп атаса, енді бірі тұнжырап, бұл «экологиялық диверсия» дейді. «AЖ» тілшісі сол жердегі «диверсанттармен» кездескен еді. Бір қызығы, олардың өз уәждері бар екен. Толықтырылды 19 маусым 2019, 10:23 3 420 рет қаралды
Ресей жоғарғы соты жеті саяси партияны жапты Әлемде

Ресей жоғарғы соты жеті саяси партияны жапты

Ресей жоғарғы соты елдегі жеті саяси ұйымды - "Альянс зелёных", "За женщин России", "Союз горожан", "Города России" партияларын, сонымен бірге Ресей зейнеткерлері партиясы, Социал-демократиялық партия мен Ресей халықтық партиясын жапты. 19 маусым 2019, 09:42 2 308 рет қаралды
Пәтердегі егеуқұйрық ордасы Басқа жаңалықтар

Пәтердегі егеуқұйрық ордасы

Дружба көшесіндегі №8 үйдің тұрғындары әлеуметтік желілерде пәтерін қоқыс төгетін орынға айналдырған көршісіне шағымданды. Бейнежазбада терезе алдында ірі егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көреміз. Келесі күні бұл жерге қалалық әкімдік пен «Арнаулы автобаза» қызметкерлері барған. Сурет 18 маусым 2019, 21:22 3 749 рет қаралды
Тік пандус және шаң басқан көтергіштер Қоғам

Тік пандус және шаң басқан көтергіштер

Жақында мүмкіндіктері шектеулі жандар тобы Атырау ғимараттарында пандустардың талаптарға қаншалықты сай екенін өздері тексеріп көру үшін жиналды. Олар алдын ала драма театрдың алдында кездесуге келіскен. «Арбадағы жандар» осы жерде кездейсоқ шенеуніктермен кездесіп, өз реніштерін білдірді. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 20:37 5 950 рет қаралды
"Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды Қазақстанда

"Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды

Мұрат Құсайынов Әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорлау") бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  18 маусым 2019, 16:44 4 285 рет қаралды
2022 жылғы Әлем чемпионатын Катарға берген Платини жемқорлық ісімен ұсталды Әлемде

2022 жылғы Әлем чемпионатын Катарға берген Платини жемқорлық ісімен ұсталды

Ол 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде Катардың таңдалуына қатысты іс бойынша тергеледі. Францияда жемқорлық ісі бойынша УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz. 18 маусым 2019, 15:46 2 348 рет қаралды
Субсидия: талап көп, нақтылық жоқ Экономика

Субсидия: талап көп, нақтылық жоқ

Атырауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. «АЖ» тілшісі үш нәрсені анықтады: біріншіден, өңіріміздегі екі ірі құс фабрикасының (кеңес осы кәсіпорындар басшыларының өтінішімен жиналған еді) қаржылық жағдайы қиын; екіншіден, ауылшаруашылық субсидияларын алу бала күтіміне байланысты демалысқа шығу сияқты қағазы бітпейтін нәрсе екен. Үшіншіден... мұның бәрі өлмес Кощейдің ертегісін еске түсіреді. Мұнда да жұмыртқа туралы мәселе қозғалады. 18 маусым 2019, 16:17 4 081 рет қаралды
Биыл Қазақстанда қанша грант бөлінді? Қазақстанда

Биыл Қазақстанда қанша грант бөлінді?

Биыл елімізде 53 мыңнан астам білім гранты бөлінді, оның дені техникалық мамандықтарға берілген. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 18 маусым 2019, 12:33 2 586 рет қаралды
"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды Қазақстанда

"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды

"Алматыжолзертханасы" РММ басшысы 2 миллион теңгеге пара алғаны үшін 40 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап.  18 маусым 2019, 12:11 2 761 рет қаралды
Дәріханада рецепсіз не алуға болады? Басқа жаңалықтар

Дәріханада рецепсіз не алуға болады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында дәріханаларда рецепсіз сатылатын дәрі-дәрмектер тізімі жарияланды. Сол жерде рецеппен берілетін дәрілердің де атауы бар. 18 маусым 2019, 12:03 4 207 рет қаралды
Ең үлкен балық – 1 келі сазан Басқа жаңалықтар

Ең үлкен балық – 1 келі сазан

16 маусымда орталық көпірден «Атырау» ДСК ғимаратына дейін қармақшылар тізіліп сап түзеді: мұнда қалалық әкімдік жазғы балық аулау маусымының ашылуына орай әуесқой балық аулаушылар жарысын өткізді. Сайысқа 100-ге жуық адам қатысып, таңғы 6:30-дан 10.30-ға дейін созылды. Шынын айту керек, балық аз болды, тіпті ештеңе ұстамай кеткендер де бар. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 11:45 5 435 рет қаралды
Атырауда ҰБТ 20 маусымда басталады Басқа жаңалықтар

Атырауда ҰБТ 20 маусымда басталады

Атырау облысының мектеп түлектері  ҰБТ-ны 20-26 маусым аралығында тапсырады.  Бұл туралы «АЖ»-ға білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА хабарлады. Биыл мектепті 5225 түлек аяқтап отыр. Мектепті бітіру емтихандарының қорытындысы бойынша олардың 192-сі  «Алтын белгіге», 167-сі ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. Бұл мәртебе түлектерге ешқандай жеңілдіктер бермейді, тек «Алтын белгі» алған түлектерге тең балл алған жағдайда ЖОО қабылданғанда бір ғана артықшылық беріледі. 18 маусым 2019, 11:18 2 553 рет қаралды