Атырау, 24 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

2 578 рет қаралды


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards 2019 сыйлығын алды. Бұл туралы орындаушы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен "Жылдың үздік әншісі" JSTYLE марапатына ие болдым. Рақмет, dears. Мен сіздерді жақсы көремін", - деді әнші. Димаш Құдайбергенге марапат Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталды. 

Еске салсақ, 2018 жылдың желтоқсан айында ол Internet Bull Ears Awards 2019 нұсқасы бойынша Қытайда ең танымал шетелдік әртіс атанған.  Әншінің алдағы жеке концерті 11 наурызда Киевте және 25 наурызда Прагада өтеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 қаңтар 2020, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.