Атырау, 26 қараша 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Олимпиадада жүлде алған ирандық әйел елден кетті

2 130 просмотра


Таэквондодан 2016 жылғы Рио олимпиада ойындарының қола жүлдегері ирандық Кимия Әлизадех елден біржолата кеткенін мәлімдеді. Ол "Иран билігін спортшыларды саясатқа пайдаланып отырғанын" сынады.

Иран тарихында олимпиада жүлдесін алған алғашқы және жалғыз әйел спортшы Instagram парақшасында "тек таэквондоны, қауіпсіздікті және бақытты өмір мен мықты денсаулық қалайтынын" жазды.

Ол постында "екіжүзді, өтірікке әуестермен бір үстел басына отырып, келіссөз жүргізгісі келмейтінін" айтты.

"Мен - Ирандағы қорлық көріп келген миллиондаған әйелдің бірімін. Олар бізбен әлі күнге дейін ойнап келеді. Мен олардың айтқанын киіп, айтқандарын қайталап келдім" деп жазды.

Әлизадех постында қай елге кеткенін жазбады. Бірақ ол бұған дейін Нидерландыға кеткісі келетінін айтып қалған.

Иранның жартылай мемлекеттік ISNA агенттігі "Әлизадехтің елден кеткенін Иран таэквондосына соққы" деп бағалап, оның Нидерланды еліне кеткенін жазды.

Бұған дейін дзюдодан Иран құрамасының мүшесі, әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері Саид Моллаеи де елден кетіп қалған. Қазір ол Моңғолия құрамасы атынан жарыстарға қатысып жүр. 2019 жылы дзюдодан әлем чемпионатында Саид Моллаеи жартылай финалда жеңілген. Кейін ол Иран билігі финалда израильдік Саги Мукимен кездеспес үшін одан жартылай финалда жеңілуді талап еткенін мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы


12 қаңтар 2020, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.