Атырау, 25 шілде 18:08
 дождьВ Атырау +39.1
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Әлемде

Ресей қазақстандық 5 кәсіпорынның тауарына уақытша шектеу қойды Әлемде

Ресей қазақстандық 5 кәсіпорынның тауарына уақытша шектеу қойды

Ресей ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау федералдық қызметі (Россельхознадзор) Қазақстанның бес кәсіпорнының өніміне уақытша шектеу қойды. Бұл туралы 15 шілдеде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 16 шілде 2019, 10:02 4 330 рет қаралды
Қырғызстан елдің қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысына іздеу жариялады Әлемде

Қырғызстан елдің қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысына іздеу жариялады

Қырғызстан ішкі істер министрлігі елдің қауіпсіздік кеңесінің (бұрынғы - қорғаныс кеңесі) экс-хатшысы Бусурманкул Табалдиевке іздеу жариялады. Оған «жемқорлық айыбы» тағылған. 15 шілде 2019, 17:40 2 459 рет қаралды
Грузия Ресей сұраған күдіктіні экстрадициялаудан бас тартты Әлемде

Грузия Ресей сұраған күдіктіні экстрадициялаудан бас тартты

Грузия билігі 28 жастағы Ярослав Сумбаевты Ресейге экстрадициялаудан бас тартты. Сумбаев "ресейлік тергеушісі Евгений Шишкиннің өлімін үйымдастырды" деген күдікке ілінген.   15 шілде 2019, 15:39 2 322 рет қаралды
Киевте "112 Украина" арнасының ғимаратын атқылаған Әлемде

Киевте "112 Украина" арнасының ғимаратын атқылаған

Шілденің 13-іне қараған түні Киевте белгісіз біреулер "112 Украина" арнасының редакциясы орналасқан ғимаратты граната атқышпен атқылаған. Полицияның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында граната атқыштың бөлшектері табылған. Шабуыл террористік әрекет ретінде зерттеліп жатыр. 14 шілде 2019, 11:03 2 025 рет қаралды
Қытай Солтүстік Кореяға араша түсті Әлемде

Қытай Солтүстік Кореяға араша түсті

Қытай Солтүстік Кореяға болысты. Қытай басшысы АҚШ-ты Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды жеңілдетуге шақырған. Қытай Сыртқы істер министрлігінің кешегі мәлімдемесінде, Осакада өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінде Қытай басшысы Ши Жинпиң Бейжіңнің Корей түбегі мәселесіне қатысты ұстанымдарын АҚШ президенті Дональд Трампқа толықтай таныстырғанын растады.  14 шілде 2019, 10:59 3 116 рет қаралды
Макрон: Франция қыркүйек айында ғарыш қарулы күштерін құрмақ Әлемде

Макрон: Франция қыркүйек айында ғарыш қарулы күштерін құрмақ

Франция елдің әскери-әуе қорғаныс саласына қарайтын ғарыш қарулы күштері қолбасшылығын құрмақ. Бұл ақпаратты 13 шілдеде ел президенті Эммануэль Макрон хабарлады. Елде ұлттық мереке ретінде тойланатын Бастилияны азат ету күні қарсаңында президент осындай мәлімдеме жасады. 14 шілде 2019, 10:55 2 110 рет қаралды
37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар Әлемде

37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар

37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады. Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге этникалық топтарға жасап отырғанын қысымын айыптаған еді. 13 шілде 2019, 14:58 2 789 рет қаралды
Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді Әлемде

Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді

12 шілдеде Түркия қорғаныс министрлігі елге Ресейден С-400 зениттік-ракеткалық кешенінің алғашқы партиясы жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл әскери техниканы Түркияға жеткізу алдағы күндері жалғасады. 13 шілде 2019, 11:05 2 473 рет қаралды
Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысына айналды Әлемде

Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысына айналды

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел конституциясына түзетулер енгізілгеннен кейін ресми түрде мемлекет басшысына айналды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұған дейін жоғарғы халық ассамблеясы президиумының төрағасы ел басшысы ретінде саналып келген. Ал Ким Чен Ын елдің қорғаныс күштеріне жауапты "жоғарғы жетекші" болған . 13 шілде 2019, 11:02 2 831 рет қаралды
2050 жылға барғанда кейбір ірі қалаларда адам өмір сүруі қиындай түспек Әлемде

2050 жылға барғанда кейбір ірі қалаларда адам өмір сүруі қиындай түспек

Жер климатының жылынуы туралы зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2050 жылдарға қарай әлемдегі ірі қалалардың бестен бірі аса ауыр климаттық қиыншылыққа тап болады. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады.  12 шілде 2019, 15:14 2 549 рет қаралды
​20-дан астам ел Қытай үкіметінен Шынжаңға тәуелсіз бақылаушылар кіргізуді талап етті Әлемде

​20-дан астам ел Қытай үкіметінен Шынжаңға тәуелсіз бақылаушылар кіргізуді талап етті

Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқығы жөніндегі кеңесі Қытай үкіметіне Шынжаңдағы мұсылман азшылықтарға жасалған мәмілені айыптап хат жолдаған. Алайда, Бейжің бұған «ашумен» жауап қайтарған.  12 шілде 2019, 10:49 2 414 рет қаралды
АҚШ-Иран қайшылығы: Еуропа екі оттың ортасында қалды  Әлемде

АҚШ-Иран қайшылығы: Еуропа екі оттың ортасында қалды

Еуропа елдері АҚШ санкцияларының салмағын жеңілдетуге көмектеспесе, Иран атом бағдарламасын үшінші деңгейге жеткізеді. Иран Еуропаға 60 күн уақыт берді, осы уақыт ішінде ішінде экономикалық жәрдем берілмесе  Иран қажетті шара қолданбақ.  12 шілде 2019, 10:45 2 657 рет қаралды
Путин мен Зеленский алғаш рет телефон арқылы сөйлесті Әлемде

Путин мен Зеленский алғаш рет телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Украинанның шығысындағы жағдай және тұтқындар алмасу жайын талқылады. 12 шілде 2019, 09:26 2 450 рет қаралды
​Иран британдық танкердің жолын кес-кестегені үшін айыпталды Әлемде

​Иран британдық танкердің жолын кес-кестегені үшін айыпталды

Ормуз бұғазындағы британдық танкерді тоқтатпақ болғаны үшін Ұлыбритания Иранды айыптап отыр. Британ үкіметі мәліметінше, ирандық бірнеше катер кеменің жолына бөгет болған.  11 шілде 2019, 15:58 2 511 рет қаралды
OPCW химиялық шабуыл жасағандарды анықтайтын топ құрды Әлемде

OPCW химиялық шабуыл жасағандарды анықтайтын топ құрды

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons - OPCW) химиялық шабуыл мен оларға қатысы бар адамдарды анықтайтын арнайы команда құрды. Бұл туралы 9 шілдеде ұйымның бас директоры Фернандо Ариас хабарлады.   11 шілде 2019, 11:46 2 875 рет қаралды
Иран бас қолбасшысы: Бізге жасалған кез-келген шабуыл жауапсыз қалмайды Әлемде

Иран бас қолбасшысы: Бізге жасалған кез-келген шабуыл жауапсыз қалмайды

Иран Қарулы күштері Бас штаб қолбасшысы Мұхаммад Бакери біратар аймақтағы әскери қосындарды әуе, теңіз күштерін аралап көрді және сапарынан кейін Иран әскери күштері қатерге төтеп беруге дайын деген мәлімдеме жасады. 11 шілде 2019, 10:25 3 187 рет қаралды