Архангельск облысындағы әскери бөлім аймағында болған жарылыстан екі адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы аймақтың күш құрылымындағы дереккөз мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Жарылыс Северодвинскіден 30 шақырым жердегі әскери бөлімде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті", - деді агенттік дереккөзі.
Қазір төтенше жағдайдың неден болғаны тексеріліп жатыр. Mash Telegram-арнасының ақпараты бойынша, куәгерлер оқиғаның Ненокс елді мекенінде болғанын айтқан. Оның қасында зымыран полигоны бар, онда атомдық су асты қайығына арналған баллистикалық зымырандар тексеріледі. Жедел қызметтегілер Неноксте радиация деңгейі үш есе өсіп кеткенін растады.
Дереккөз: tengrinews.kz