Атырау, 27 қараша 14:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Мәскеуде 50 мыңға жуық адам митингіге қатысты

Бейнежазба
2 980 просмотра


Мәскеу орталығында 50 мыңға жуық адам бейбіт митингіге шықты, олар қалалық думадан әділетті сайлау өткізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Белый счетчиктің" мәліметі бойынша (механикалық есептегіш көмегімен акция қатысушыларының санын анықтау тәсілі), Мәскеуде рұқсат берілген митингіге 48 мың 800 адам жиналған. Мәскеуде Сахаров даңғылындағы митингіге қатысушылар.  Митинг Нұр-Сұлтан уақытымен 10 тамызда 18.00-де басталды. 

Бұған дейін көптеген әртіс, жазушы, блогерлер келісілген митингіге шығуға шақырған. Олардың арасында репер Oxxxymiron, журналист Владимир Познер және басқалары бар. Леонид Парфенов. 

Митингіде журналист Юрий Дудь және Леонид Парфенов, репер Face және "Кровосток" тобының мүшесі Шило, сондай-ақ, әзілқой Данила Поперечный көзге түсті. Бас қаланың билігі 10 және 11 тамызда академик Сахаров даңғылында екі митинг өткізуге келісім берген. Оған қатысуға 100 мың адамға дейін рұқсат етілді. Мәскеудің Сахаров даңғылындағы митингіге қатысушылар. 

Мәскеуде наразылық акциясы 14 шілдеден бастап өтіп жатыр. Халық тәуелсіз кандидаттардың қалалық думаға жіберілуін талап етеді. Ең ірі рұқсат етілмеген митингі 27 шілде мен 3 тамызда болды, олардың әрқайсысында мыңнан аса адам ұсталды. Мәскеуде өткен митингіде репер Face өнер көрсетеді. 

"Мен елімді жақсы көремін, мен әрқайсыңызды жақсы көремін. Біз барлығымыз бұл жерде өмір сүріп, өз құқығы үшін күресіп жүрген үлкен отбасымыз. Рақмет саған, Мәскеу! Рұқсат!" - деп аяқтады сөзін репер Face. 

Телеграмдағы "ОВД-Инфо" арнасының мәліметтері бойынша, Ресейдің үш қаласында өткен наразылық акциясында 66 адам ұсталды. Жобаның мәліметтерінше, Мәскеуде 8 адам, Петербургте 51 адам ұсталды. Тағы жетеуі Ростов-на-Донуда қамалды. 

Мәскеу қалалық Думаға сайлау 8 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күні өтеді. Арнайы комиссия сайлауға 233 адамды өткізді, 57 қатысушыға рұқсат берілмеді. Сонымен қатар, Мәскеу қалалық сайлау комитеті қолдарды тексеру кезінде көптеген заң бұзушылықты анықтаған, мысалы, тіркелмеген 22 үміткердің тізімінде 339 қайтыс болған адам, ал 29-ында 14 мыңнан астам жалған сайлаушы табылған.


Дереккөз: Tengrinews.kz

11 тамыз 2019, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.