Кеше, 8 тамызда, Бішкек пен Шу облыстық ауруханасына 52 зардап шеккен адам келген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды 24.kg сайты.
10 адам ауруханаға жатқызылды. Қазір ауруханаларда 20 адам ем алып жатыр. Ведомствоның ақпараты бойынша, 7-8 тамызда зардап шеккендердерді қабылдаған барлық аурухана, Шу облысының жедел жәрдем бригадасы мен Бішкек шұғыл медицина орталығы дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылармен толық қамтамасыз етілген. "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі денсаулық сақтау министрінің бақылауында болды, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі штабының зардап шеккендерге сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсету жөнінде отырысында айтылды", - деді ведомствода. Бұған дейін министрлік Қой-Таштағы екі күн қақтығыстан соң ауруханаға 98 адам жүгінген. Естеріңізге салсақ, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған болатын. Экс-президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде. Ал кеше, 8 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz