Атырау, 27 қараша 14:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады

3 185 просмотра


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады. Видеоны ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен суретшімін. Саясатқа ешқашан араласқан емеспін. Бірақ қазіргі биліктің жасап жатқан шектен шыққан ісіне қарап отырып, менің әкемді заңсыз және әділетсіз ұстауына байланысты бұдан былай үндемей отыра алмаймын", - деп мәлімдеді Шагиева.

Оның айтуынша, қазір елде құқықтық нормалар бұзылып жатыр, оппозициялық телеарналар өшіріліп, БАҚ бойынша жалған ақпарат таратылып жатыр.

"Отбасым үшін, бейбіт азаматтар үшін қорқамын", - деді қыз. 

Әлия Шагиеваның айтуынша, әкесін тергеуге ұстап алу үшін сылтауратып шақырған. 

"Қылмыскер Батукаевты Қырғызстаннан шығару бойынша дейді. Бірақ шын мәнінде әкемді оппозициялық қызметі үшін тұтқындағысы келді. Осылай оның көптеген жақтастарын қамады. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаковты куәгерлік айғақ алу үшін әкеліп, мән-жайды анықтамастан тұтқынға алды. Әкем биліктен Конституциялық Соттың шешімін күтуді талап етті. Алайда ол БАҚ-қа Батукаевтың ісі бойынша білгендерін айтып берсе де, тергеу органдарына жазбаша түрде толық ақпарат беруге дайын болған. Әкем жағдай құқықтық арнаға түспейінше, Конституциялық соттың шешімі болмаған жағдайда, біз өзімізді қорғауға құқымыз бар екенін айтқан. Бұрынғы президенттің үйіне жасалған кез келген шабуыл автомат түрде заңсыз болып саналады", - деді Шагиева.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 тамыз 2019, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.