Атырау, 27 қараша 14:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Медведев Атамбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

3 568 просмотра


Қырғызстанға Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына барған Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

"Қырғыздардың өздері айтпақшы, ХХІ ғасырда олардың төңкеріс жасайтын лимиті біткен, мұндай оқиға елдегі саяси, сондай-ақ экономикалық тұрақсыздыққа әкеп соқса, жаман болар еді...", - деді Медведев.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Чолпан-Ата қаласында өтеді, ресейлік делегацияны үкімет басшысы Дмитрий Медведев бастап барды.

Саммитке Армения, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан премьерлері қатысады.

Қырғызстан президенті Соорнбай Жээнбеков отырысқа дейін делегация басшыларымен кездесті.

Үкімет басшыларының кездесуі Ыстықкөл жағасындағы "Рух Ордо" мәдени орталығында өтпек.

Биыл Еуразиялық экономикалық одаққа Армения төрағалық етеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

9 тамыз 2019, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.