Атырау, 26 қараша 18:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кездейсоқ каникул (толықтырылды)

2 244 просмотра

Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Атырау қаласының 1-4 сынып оқушылары 30 қаңтардағы сабақтан босатылды. Бұл туралы «АЖ»-ға қалалық білім беру бөлімінің бастығы Алпамыс ҒИЛЫМОВ хабарлады.

30 қаңтарда таңертең 27 градусқа дейін және күндіз 24 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. ТЖД жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді деп ескертті. Әрі қарай бастауыш сыныптардың оқушылары үшін мәжбүрлі каникулдар ауа-райына байланысты ұзартылатын болады.

Индер ауданындағы 15 мектепте және Қызылқоға ауданындағы 17 мектепте 1-4 сыныптар үшін уақытша сабақ өткізу тоқтатылған. 

29 қаңтар күні кешке Атырау-Орал тас жолында солярканы жанармай ретінде пайдаланатын жүк көліктері тоқтап қалды.  Индер АІІБ бастығы Ербол ОҢҒАРОВТЫҢ  айтуынша, полицейлерге алыс жолға шығатын жүргізушілердің үсіп қалуына жол бермес үшін тас жолдағы жағдайды бақылауға алуға тапсырма берілген.

Бүгін, 30 қаңтарда Атырау қаласындағы бастауыш сыныптар үшін сабақтар 31 қаңтарда да болмайтындығы белгілі болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қаңтар 2014, 20:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.