Атырау, 4 тамыз 18:13
 дождьВ Атырау +35.6
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте болған шабуыл: зардап шеккен адам Қазақстан азаматы емес

103 рет қаралды
Куәгерлер түсірген сурет
Куәгерлер түсірген сурет

Солтүстік Кипрде пышақ кезеніп жасалған шабуылдан ауыр жарақат алған бойжеткен Қазақстан азаматы емес.

Ол — Қазақстанда туған, бірақ қазіргі уақытта Қырғызстан азаматы, деп хабарлады «За нами уже выехали» Telegram-арнасы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ беттерінде зардап шеккен адам 22 жастағы Қазақстан азаматы Жанерке Әбдіразақова деген ақпарат тараған еді. Бастапқыда Қазақстан СІМ де дипломаттардың оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын және жергілікті құзыретті органдармен байланыста екенін мәлімдеген болатын. Кейінірек ведомство оның азаматтығына қатысты ақпаратты нақтылады.

Шабуыл 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында Никосия (Лефкоша) қаласының Ташқынкей ауданындағы Metropol Market супермаркетінде болған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, ер адам әлі белгісіз себеппен бойжеткенге пышақпен тап беріп, кейін өз тамағын тіліп тастамақ болған.

Екеуі де доктор Бурхан Налбантоғлу атындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат алған екі адам да дәрігерлердің бақылауында.

Кейбір жергілікті БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, ер адамның айырылысып кеткен бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасауы мүмкін екенін жазады. Полиция бұл нұсқаны ресми түрде растаған жоқ. Оқиғаның себеп-салдары анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.